Қазақстанда 2021 жылы халық санағы екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Бірі онлайн, екіншісі дәстүрлі - үй-үйді аралау арқылы. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық санақ биыл жүргізіледі. 2021 жылы жүргізілетін ұлттық санақтың жаңашылдығы - заманауи цифрлық технологияларды енгізу және процестерді автоматтандыру. Енді тұрғындар туралы деректерді жинау екі жолмен жүргізіледі. Бірінші жолы - sanaq.govkz сайтында интернет сауалнама жүргізу. Ол виртуал көмекші арқылы, қай жерде отырғанына қарамастан, өзі және отбасы жайлы санақ парағын толтыруға болады. Екінші - дәстүрлі аралау. Бұлар онлайн режимде санаққа қатыспаған азаматтарды санитарлық нормаларды сақтай отырып, аралау. Бұл шараларды қазанда өткізу жоспарланып отыр. Жаңашылдықтың ерекшілігі - үй-үйді аралағаннан кейін мәліметтер планшетке жүктеледі және жергілікті мектептерге беріледі. Мұндай санақ 1-30 қазан аралығында жүргізіледі", - деді Келімбетов Үкімет отырысында.
Айта кетейік, 2020 жылдың 29 шілдесінде Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке халық санағын 2021 жылға ауыстыруды ұсынған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!