ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
12 мая 2020 | 12:12

Қазақстанда ЖОО-ға тапсыру тәртібі электрон форматқа ауысады

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Елдегі мектеп түлектері колледж бен университеттерге құжат тапсырған кезде жылына 1 миллиард теңге қаржы жұмсайды екен. Енді БҒМ бұл жұмысты электрон форматқа ауыстырып, жұмсалатын орынсыз шығынды үнемдейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елдегі мектеп түлектері колледж бен университеттерге құжат тапсырған кезде жылына 1 миллиард теңге қаржы жұмсайды екен. Енді БҒМ бұл жұмысты электрон форматқа ауыстырып, жұмсалатын орынсыз шығынды үнемдейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін БҒМ аппаратының кеңесінде ЖОО-ға құжатты электрон форматта тапсыру мәселесі талқыланды. Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің айтуынша, түлектер маусым айынан бастап құжаттарын Egov порталы арқылы тапсыра алады.

"Жыл сайын 300 мыңнан астам бала колледждерге, университеттерге құжат пакетін тапсырады. Бұл пакет орта есеппен 6 құжаттан көшірме, фотосуреттерден тұрады... Бізде азаматтар жыл сайын құжат тапсыруға шамамен 1 миллиард теңге жұмсайды. Сонымен қатар, физикалық байланыстар мен қажетсіз кезектерді болдырмау үшін құжаттар пакетін барынша төмендетіп, құжаттарды қабылдау автоматтандырылуы керек. Биыл барлық білім беру ұйымына қабылдау электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады... Енді колледж және университет тарапынан құжаттарды электронды түрде қабылдауға жауапты тұлғаларды бекіту керек. Оларға құжат қабылдау ережесін, жаңа стандарттарды үйретіп, оқытып, маусым айынан бастап құжат қабылдауға дайын қылу керек", - деді вице-министр.

Құжаттарды қабылдау комиссиясы талапкердің құжатын қарап болып, талапкерге құжатты қабылдау туралы, конкурстың мерзімі және арнайы емтихан туралы хабарлама жібереді.

Білім министрі Асхат Аймағамбетов бұл мәселені былтыр көтеріп, министр ретінде шешуге уәде бергенін атап өтті. Сондай-ақ, министр құжат тапсыру үшін енді таңғы сағат 6-дан бастап кезек алудың жойылатынын жеткізді.

"Пандемия жағдайында бұл өте қолайлы шешім. Әртүрлі көшірмеге, басқа құжаттарға жинайтын ақшаны санағанда, кем дегенде, осы екі мәселеге біздің азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам қаржысы кетеді. Қазір осы қызмет автоматтандырылған соң, мәселе шешіледі. Жеке қаржысын жұмсамайтын болды. Мұның алдында қалай болғанын білесіздер ғой. Басқа елді мекендерге барады. Университеттерге, колледждерге барып, кезектерде тұрып, ана скоросшиватель, папкаларын жинап... Ол папкаға қаншама уақыты кетіп, бір ұйымға барады, содан соң келесі, үшінші ұйымға барады. Оған уақыты, ақшасы кетеді, жүйкесі де тозады. Одан кейін бізге келіп, таңғы сағаттан 6-дан бастап кезекте тұрып, әйтеуір улап-шулап құжатын тапсыратын уақыты болған. Әрине, мен бұл мәселені шешемін деп министр ретінде уәде берген едім. Бұл мәселені шештік. Сондықтан биыл ЖОО, колледждерге құжат қабылдау толығымен автоматтандырылған болады. Қазіргі уақытта барлық жұмыс дайын", - деді министр.

Министрдің айтуынша, университетке қабылданған студенттер жатақхана алу үшін құжат тапсырып әуре болмайды. Барлығы электронды үкімет порталы арқылы шешіледі.

"Университетке түскен кезде бөлек-бөлек қызмет болатын. Мысалға, жатақхана алу үшін құжатын тапсырып, өтініш жазып жүретін. Ол бөлек мемлекеттік қызмет болып есептелетін. Колледждерге тамақтанатын мәселе бар. Өзінің әлеуметтік статусы туралы құжат жинап, тамақтану үшін бөлек құжат тапсыратын. Енді мұның бәрі композитті қызмет ретінде проактивті форматта тек осы бір өтінішті - университетке тапсырамын деген өтінішін Egov порталында басқан уақытында барлық мәселесі өзімен-өзі шығып, басқа жүйелерден тиісті ақпарат  жетілдіріп, келіп отырады. Сонда университеттің әлде колледждің  басшылары тиісті барлық қызметті өздері автоматты режимде тағайындап беретін болады. Осы жағынан қарасақ та жақсы қырлары бар", - деп түйіндеді министр Асхат Аймағамбетов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer