ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 ноября 2024 | 08:44

Қазақстанда қанша адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазір "Қара бүркітте" өмір бойына сотталған қанша адам жазасын өтеп отыр? ҚАЖК өкілдері Massaget.kz тілшісінің ресми сауалына жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазір "Қара бүркітте" өмір бойына сотталған қанша адам жазасын өтеп отыр? ҚАЖК өкілдері Massaget.kz тілшісінің ресми сауалына жауап берді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Қара бүркітте" қанша адам отыр?

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айырылған 200-ге жуық адам бар. Олар Қостанай облысындағы №39 мекемеде ("Қара бүркіт") отырады.

"Қара бүркіттегі" камералар. Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, былтыр ҚАЖК "Қара бүркітте" өмір бойына сотталған 180 адам отырғанын хабарлады.

"Қара бүркітте" қанша адам жұмыс істейді?

ҚАЖК өкілдері "Қара бүркіттегі" күн тәртібі қалай өтетінін айтты. Ресми жауапқа сүйенсек, Қазақстандағы басқа түзету мекемесіндегілермен бірдей.

Мекемеде мектеп те жұмыс істейді.


Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Мекемеде жұмыс нысандары бар, онда 90-ға жуық сотталған жұмысқа орналасқан", - деп жазылған ҚАЖК-ның Massaget.kz-ке жауабында.

Сотталғандарға бір күнге қанша теңге бөлінеді?

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ресми жауабына сүйенсек, бір сотталғанға тәулігіне жұмсалатын шығын - орташа есеппен 2 654 теңге. Комитет бұл шығын "Қара бүркітте" отырғандарға да, айыпталушыларға да қатысты екенін растады.


Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Бұл сомаға тамақтану, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, гигиена құралдары, коммуналдық қызметтер, сотталғандарды этаппен жөнелту, босатылатын сотталғандардың жол жүруі кіреді", - деп жазылған жауапта.

"Қара бүркітте" отырғандар жақындарымен тілдесе ала ма?

Комитет мәліметінше, өмір бойына сотталғандарға қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес кездесулерге, хат жазуға және таксофон арқылы сөйлесуге рұқсат етіледі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer