ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 сентября 2020 | 18:01

Қазақстанда карантин қатаңдай ма? Күннің басты жаңалықтары

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Соңғы уақытта Желіде көп талқыланып жатқан ақпараттардың бірі - Қарағанды әкімі орынбасарының ұсталуы. Сондай-ақ, полицейлердің жүгеру сатушысын ұстаған сәті де талқыға түскен. Сондай-ақ, желіде Қазақстанда карантин қатаңдатылады деген де ақпарат тарап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі 14 қыркүйектегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы уақытта Желіде көп талқыланып жатқан ақпараттардың бірі - Қарағанды әкімі орынбасарының ұсталуы. Сондай-ақ, полицейлердің жүгеру сатушысын ұстаған сәті де талқыға түскен. Сондай-ақ, желіде Қазақстанда карантин қатаңдатылады деген де ақпарат тарап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі 14 қыркүйектегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

52 адамнан COVID-19 анықталды

Өткен тәулікте тағы 52 адам коронавирус жұқтырды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1
Ақмола облысы - 3
Ақтөбе облысы - 2
Алматы облысы - 4
Атырау облысы - 11
Шығыс Қазақстан облысы - 11
Батыс Қазақстан облысы - 6
Қарағанды облысы - 5
Қостанай облысы - 3
Павлодар облысы - 1
Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 106 855-ке жетті. Оның ішінде 100 627 науқас аурудан жазылған. Коронавирус жұқтырған 1 634 адам қайтыс болған.


Фото ©РИА Новости

20 қыркүйектен бастап карантин қатаңдай ма?

Желіде 20 қыркүйектен бастап Қазақстанда карантин қатаңдатылатыны туралы хабарламалар тараған болатын. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қауесетке қатысты пікір білдірді.

"Карантин бізде қазірде де бар. Бүгінде карантинді күшейту болжанып отырған жоқ. Алдағы уақытта барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Біз күн сайын жалпы ел бойынша ғана емес, әрбір өңірде, елді мекендердегі жағдайға мониторинг жүргіземіз", - деді Есмағамбетова.

Бас санитар дәрігер тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Әкім орынбасары ұсталды

Қазір желідегілер Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің ұсталуын талқылап жатыр. Бүгін Қарағанды облысы прокуратурасының өкілдері осы ақпаратқа қатысты түсінік берді.

Прокуратура мәліметінше, 12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері қала әкімінің орынбасарын ұстаған.

"Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді. 2018 жылы Қарағандының ірі панельді тұрғын үйлерін салуға "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру және жымқыру бойынша алдын ала сөз байласты деп айыпталып отыр", - делінген хабарламада.


© Қарағанды әкімінің баспасөз қызметі

Прокуратурадағылар мемлекетке 107 миллион теңгеге шығын келтірілгенін айтады. Қазіргі уақытта Шалабеков соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды.

"Тергеу жүргізіліп жатыр, іс облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша тергеуге қатысты  өзге де ақпарат құпия болып саналады және оны жариялауға болмайды", - деді прокуратура өкілдері.

Цой екінші толқынға қатысты пікір білдірді

Күз басталғалы коронавирустың екінші толқыны болады деген қауіп арта түскен. Бүгін брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екінші толқынға қатысты пікірін айтты. 

Цой елде 4,8 мың науқас ауруханаларда коронавирус пен пневмониядан емделіп жатқанын атап өтті. Ал екінші толқынның болар-болмасына халық та әсер ететінін мәлімдеді. 

"Біз көрсеткіштердің жақсы болуына қарамастан төсек-орын қорын құрып, дәрілерді сатып алып, жеке қорғаныс құралдары, маскамен қамтамасыз етіп жатырмыз. Біз коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Ауру өсімінің 30 пайызы маска тағуға және әлеуметтік қашықты сақтауға байланысты екенін бірнеше рет айтқанбыз. Амал не, біздің тұрғындар маска тағып жүрген жоқ. Әсіресе, мұндай жағдайды адам көп жиналған орындардан байқауға болады. Біз осы талапты орындауға шақырымыз. Біз бұл толқынның болатынына және болмайтынына өзіміз әсер ете аламыз", - дейді Цой.

Молдағасымова 33 миллион теңге сыйақы алған ба?

Сыбайлас жемқорлық бойынша Алматының бұрынғы бас дәрігері Айзат Молдағасымованың да басы дауға қалып жатыр. Ол 33 миллион теңге сыйақы алды деген мәлімет тараған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері осы ақпараттың мән-жайын айтты. Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерде Айзат Молдағасымованың Халық банкі бөлген демеушілік көмектен 33 миллион теңге сыйақы алғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін тергеу басталған.


© Алматы әкімдігі 

Бұл істің мән-жайын анықтауға Алматы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен Денсаулық сақтау министрлігі жұмылғаны айтылады.

Департамент бұл ақпаратты тексере алмағанын хабарлады, өйткені сол кезде елде ТЖ режимі енгізілген екен.

"Президенттің Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығына сәйкес аудиторлық іс-шараны өткізу мүмкін емес", - делінген хабарламада.

Ал денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Айзат Молдағасымоваға қатысты қызметтік тергеу жүргізілгенін айтты. Сонымен қатар, демеушілік көмектің бюджет қаражатына қатысы болмағандықтан сотқа дейінгі тергеу жүргізілмегені хабарланды.

Жүгері сатушы мен полицейлер видеосы тарады

Қазір желіде ең көп талқыланып жатқан видеолардың бірі - полицейлердің ер адамды ұстау сәті. Оқиға Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында болған. Оның видеосы Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Видеодан екі тәртіп сақшысы ер адамды құлатқанын, сондай-ақ, полицейдің бірі оны мойнынан күшпен ұстап тұрғанын көруге болады.

"Жүгері сататын адамды ұстады. Оған тек ескерту жасалған", - дейді желі қолданушысының бірі.

Сондай-ақ, видеодағы жазбаларының бірінде ер адам заңсыз сауда жүргізгені жазылған: "Ол қашпақ болды. Осы сәтте оның сөмкесін жыртып тастаған. Ол ашуланып, қарсылық көрсеткен".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

Кейін белгілі болғандай, полиция қызметкерлері ер адамды заңсыз сауда жасағаны үшін ұстаған.

Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, осыған дейін сатушы рұқсат етілмеген жерде сауда жасағаны және тәртіп сақшыларының талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алайда ер адам тыйым салынған орында қайта сауда жасаған. Енді оның үстінен қылмыстық іс қозғалады.

"102 пультіне Дулати көшесіндегі заңсыз жаппай сауда жасау туралы хабар түсті. Оқиға орнына учаскелік инспектор барды. Дерек расталды. Әкімшілік хаттама толтыру кезінде ер адам полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, дене жарақатын келтірген. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді", - дейді Бостандық ауданы полиция басқармасыныңи басшысы Дәурен Өтебаев.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Билік өкіліне қарсы күш қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалған.

Күз бен қыста коронавирустың қандай штаммдары тарайды?

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күзгі-қысқы кезеңде вирустың қандай штаммдары белсенді болатынын айтты.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, алдағы күзгі-қысқы маусымда вирустың төрт штаммы солтүстік жарты шарда белсенді болады - 2 типті А - Гуангдонг (Гуангдонг) және Hong Kong (Гон Конг), сондай-ақ 2 типті B - Вашингтон (Вашингтон) және Hong Kong (Пхукет), олар ДДҰ болжамы бойынша алдағы маусымда тұмауға қарсы үш және төрт валентті вакциналардың құрамына кірді", - деді Жандарбек Бекшин.

Ең маңызды жаңалықтар топтамасы МЫНА СІЛТЕМЕДЕ

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer