ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
18 февраля 2022 | 16:19

Қазақстанда кейінгі аптада болған басты тағайындаулар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Өткен аптада елімізде бірнеше тағайындау болды. Көбіне әкімшілік басшыларының орынбасарлары тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі өткен аптадағы ауыс-түйістер топтамасын жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өткен аптада елімізде бірнеше тағайындау болды. Көбіне әкімшілік басшыларының орынбасарлары тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі өткен аптадағы ауыс-түйістер топтамасын жасады. 

14 ақпанда Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары болып тағайындалды. Календеровтің қызметі Президент Әкімшілігімен келісе отырып  Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша тағайындалған. Нұржан Календеров 1976 жылы туған, білімі жоғары.

Еңбек жолын 1997 жылы "Арнабол" ЖШС-де есепші болып бастаған. Әр жылдары Тараз қаласындағы зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта бас маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, қаржы бөлімінде бөлім бастығы, кейін бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы болған. Әкімдікте түрлі қызметте болған. 2020 жылдың маусым айынан бастап Шу ауданының әкімі қызметін атқарған.


Нұржан Календеров. Фото: inbusiness.kz

Сол күні Руслан Желдібай премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1989 жылы Жамбыл облысында туған. "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған. 2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.


Руслан Желдібай

14 ақпандағы тағы бір ауыс-түйіс - Айжан Есмағамбетованың Бас санитария дәрігер лауазымына тағайындалуы. Үкіметінің қаулысымен Айжан Есмағамбетова денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігері лауазымына тағайындалды. 

Есмағамбетова Алматы облысының тумасы. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін, Қазақстан медицина университетін (қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі), Алматы менеджмент университетін бітірген. Бұған дейін ол ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген болатын.

Айжан Есмағамбетова. Фото: gov.kz

Ал бұған дейін Тараз қаласы әкімдігінің аппарат басшысы болған Бақдәулет Сариев әкімнің орынбасары болып тағайындалды. Ол еңбек жолын 2015 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алатау, Медеу аудандары бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2015-2017 жылдары - Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің бас маманы болған. 2020 жылға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы болып жұмыс істеген. Артынша 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің басшысы болған.


Бақдәулет Сариев

16 ақпанда Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың бұйрығымен Nur Media холдингінің бас директоры қызметіне Руслан Әлішев тағайындалды. Әлішев бұған дейін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болған. Ол Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі.

Руслан Әлішев Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті атқарушы органдарда, Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің маманы қызметінен бастап, басқарма басшысы, облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды. Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып істеді. Екі жылдан астам Nur Otan партиясы орталық аппаратының саяси жұмыс департаментін басқарды.


Руслан Әлішев

16 ақпандағы тағы бір тағайындау - жауынгерлік өнер қауымдастығының президентінің тағайындалуы. Бұл қызметке Ермек Сағынбаев келді. Қауымдастық үш жыл бұрын құрылған болатын. Қауымдастықтың бірінші вице-президенті лауазымына Мәлік Мырзалин, ал вице-президенттер қызметіне Берік Құнанбаев, Серік Жарасбаев және Сәрсен Құранбек сайланды. Қауымдастықтың басты мақсаты - жауынгерлік өнерді дамыту, насихаттау және дәріптеу, жастарды спортпен айналысуға тарту, сондай-ақ олимпиадалық емес спорт түрлерінің имиджін көтеру. Сонымен қатар, бұл қауымдастық каратэ, қоян-қолтық күрес, ММА аралас жекпе-жек, грэпплинг, джиу-джитсу, самбо, панкратион, у-шу, муай-тай, кикбоксинг, таэквондо, белбеу күресі, әмбебап күрес және жекпе-жектің өзге де түрі бойынша жұмыс істейді.


Ермек Сағынбаев. Фото: gov.kz

16 ақпанда Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Ол - 1975 жылы Алматыда туған Әсем Нүсіпова. Әсем Нүсіпова - Алматы тумасы. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.  2001-2003 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, Президент Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі болған.

2003-2007 жылдары бірнеше ведомствода кеңесші болып жұмыс істеген. Мысалы қаржы министрінің кеңесшісі, премьер-министрдің кеңесшісі, премьер-министр кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі болып істеген. Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау саласында да қызмет атқарған. Мысалы 2007-2008 жылдары денсаулық сақтау вице-министрі болды. 2008-2016 жылдары - "Қазтрансойл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болған. Артынша үш жыл, яғни 2019 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

Әсем Нүсіпова. Фото: instagram.com/assem.nussupova

17 ақпанда Нұргүл Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Нұргүл Мауберлинова 1973 жылы қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.


Нұргүл Мауберлинова

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді. Соңғы қызметі - 2020 жылдың мамырынан қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.

Сонымен қатар, бүгін Әлия Мұстафина Президент архивінің директоры болып тағайындалды. Ол Мемлекет басшысының өкімімен жаңа қызметке келген.


Әлия Мұстафина

Ал бұған дейін осы қызметте болған Жәмила Әбдіқадырова лауазымынан босатылды.

Одан бөлек, бүгін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезінде төралқаның жаңа төрағасы сайланды. Ол Райымбек Баталов болды. Бастамашы топ Баталовтың кандидатурасын ұсынды. Төралқа қолдады. Палата мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде Баталов "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасына 248 адам дауыс берген.

Райымбек Баталов. Фото: atameken.kz

Айта кетейік, бұған дейін Райымбек Баталов палатаның кезектен тыс IX съезі барысында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы төрағасының міндетін атқарушы болып сайланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer