ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
21 января 2021 | 16:42

Қазақстанда коронавирусқа байланысты қандай болжамдар айтылып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев / Tengrinews.kz Фото: Әлихан Сариев / Tengrinews.kz

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Мысалы кейінгі тәулікте елімізде COVID-19 жұқтырған 1180 адам анықталған. Қазақстан коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны бойынша 59-шы орында. Соңғы мәліметтер бойынша, жалпы 172 412 адам вирус жұқтырса, оның 156 521-і аурудан айыққан. 2403 адам қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты қандай болжам айтылғанына шолу жасады. 


Иконка комментария блок соц сети

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Мысалы кейінгі тәулікте елімізде COVID-19 жұқтырған 1180 адам анықталған. Қазақстан коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны бойынша 59-шы орында. Соңғы мәліметтер бойынша, жалпы 172 412 адам вирус жұқтырса, оның 156 521-і аурудан айыққан. 2403 адам қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты қандай болжам айтылғанына шолу жасады. 

2 наурыз елімізде коронавирус жұқтырғандар саны көп кезең болады - болжам

Бұл туралы Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман айтты. Алайда, сарапшының сөзінше, жағдай 2020 жылдың жаз мезгіліндегідей аса ауыр болмайды. Ғалым мұндай болжамды Вашингтон университетінің медициналық метрика және бағалау институтының (IHME) коронавирустық инфекциясы туралы мәліметтерге сілтеме жасап айтты.

Вирус жұқтырғандар саны өткен жылдың жаз мезгіліне қарағанда 45 пайызға төмен болады. 

Алмаз Шарман қазақстандықтардан сақтық шараларын ұмытпауды сұрады. 

"Алдағы айларда абай болыңыз: маска тағып, арақашықтықты сақтап, адам көп жүретін жерлерге бармаңыз, жақсы ұйықтап, дұрыс тамақтанып, физикалық тұрғыда белсенді болыңыз", - деді профессор. 

Бірнеше облыста локдаун енгізіліп, карантин жарияланды

12 қаңтарда Алматы облысында науқастар саны өсуіне байланысты локдаун мен қатаң карантин режимі жарияланды. Шектеу демалыс күндеріне қатысты. Мейрамхана, кафе, сауда үйлері, жабық базарлар, сауна, спа, спорт орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Шектеу азық-түлік дүкендер, дәріхана, сұлулық салоны, химиялық тазалау орындарына қатысы жоқ. 

Сонымен қатар, Павлодар облысында демалыс күндері бірнеше қоғамдық орынның жұмысы тоқтатылды. Тамақтану орындары 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеп, сенбі және жексенбі күндері сауна, жабық нысандар, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер мен қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады. Одан бөлек, мекемелердің 80 пайыз қызметкері қашықтан жұмыс істеуге көшеді.

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Юрий Залыгин облыс аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлері үшін карантинді ұзартты. Санитар дәрігердің 19 қаңтардағы қаулысында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындарға шектеулер енгізілетіні айтылған. Мысалы, басшылық өз қызметкерлерінің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға көп болса бір уақытта екі адам кіруі керек.

Облыс тұрғындарынан қол алыспай, жеке гигиенаны және түшкіру мен жөтел этикасын сақтау ұсынылды. Балабақшалар тек кезекші топтарда жұмыс істейді.

Вакцинация 1 ақпаннан басталады

19 қаңтарда өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынатынын айтты. 1 ақпаннан бастап ең алдымен вакцина қажет топқа жататын тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуды бастау жоспарланып отыр.

Вакцинация кезең бойынша жүргізіледі:

Бірінше кезеңде - жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем қызметінің, реанимация бөлімі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ауруханалардың қабылдау бөлмесінің, санэпид қызмет қызметкерлері;

Eкінші кезеңде - жалпы білім беру мектептерінің педагогтері, ЖОО, ведомстволық медициналық қызметтердің медициналық қызметкерлері;

Үшінші кезеңде - мектеп-интернаттардың педагогтері, балабақша, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар;

Төртінші кезеңде - ІІМ, ТЖМ, БМ, ҰҚК қызметкерлері және стационарлардағы медицина қызметкерлері, балабақша қызметкерлері мен созылмалы аурулары бар адамдар;

Бесінші кезеңде - медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен қызметкерлері, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары барлар;

Алтыншы кезеңде - қалған адамдарға вакцина салынады.

ДСМ наурыз айына болжам жасады

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаппай жұқтырудың көп болатын уақыты ос жылдың наурыз айының соңында тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша, тәулігіне үш мыңға дейін адам коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін. Ауруханалада 24 мыңға дейін төсек орын толуы ықтимал. Дегенмен мұндай сценарий орындалған күннің өзінде карантинді қатаңдату жоспарланып отырған жоқ.

Ал пессимистік сценарий бойынша, тәулігіне 6-9 мың қазақстандықтан коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда 45 мыңға дейін артық төсек-орын дайындалады. Бұл жағдайда карантин шаралары қатаңдауы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети