Коронавирустың жаңа штамы Қазақстанда тіркелген жоқ. Алайда вирустың ауа-тамшы жолдары арқылы тарау механизмін ескере отырып, оның елімізде анықталуы қаупін жоққа шығаруға болмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Былтыр қыркүйек айында Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы анықталған.
"Бүгінде вирустың бұл түрі бірнеше елде, оның ішінде Аустралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланд, Ресей және басқа да елдерде анықталған. Вирус, алдын ала мәліметтер бойынша, вирустың басқа түріне қарағанда жастар арасында тез тарайды. Алайда бұл тек алдын ала мәлімет. Феномен әлі де зерттеліп жатыр.
Қазақстанда тіркелген жоқ. Алайда вирустың ауа-тамшы жолдары арқылы тарау механизмін ескере отырып, оның елімізде анықталуы қаупін жоққа шығаруға болмайды", - деді Ерлан Қиясов ОКҚ алаңында өткен брифингте.