ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 июня 2020 | 17:42

Қазақстанда күйеуінен соққы көрген әйелдердің жартысы арызын қайтып алады

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмысын ашу неге күрделі екенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмысын ашу неге күрделі екенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық зомбылық - өте күрделі мәселенің бірі.

"Себебі, бұл отбасына қатысты. Онда мәселе туындап, оған полиция араласады. Тәртіп бұзушыны полиция әкімшілік және қылмыстық жауапкерлікке тартқалы жатқан уақытта жұбайлары тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі болғанын жиі жоққа шығарады, арыз жазудан бас тартады", - дейді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Отбасы сақтап қалғысы келеді"

Ерлан Тұрғымбаев зорлық көрген әйелдер не үшін мұндай қадамға баратынын айтты.

"Олар мұндай әрекетке отбасын сақтап қалу үшін және балалары толық отбасында тәрбиеленуі үшін барады. Заң бұзу фактісінің 50 пайыз жағдайында осындай дерек кездеседі", - дейді ол.

"Бұрынғы күйеуі ұрып соққан"

Министр тәртіп сақшылары мұндай отбасыларды үнемі бақылауда ұстайтынын, алайда қайғылы деректер тіркелетінін ашық жеткізді.

"Алайда кейбір кездері заң бұзушылықтың алдын алу мүмкін болмай жатады. Мысалы, 1 ай бұрын бір әйелдің жоғалғаны туралы полицияға хабар түсті. Оны бұрынғы күйеуі ұрлап кетуі мүмкін деген күдік болды. Біз күйеуін де, әйелін де таптық. Әйел соққыға жығылыпты. Алайда ол арыз беруден бас тартты. Әйел құлап, денесін көгертіп алғанын айтты. Алайда біз оны бұрынғы күйеуі сабағанын білдік. Бірақ, бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр", - дейді Ерлан Тұрғымбаев.

"Қылмыстық жауапкершілікке тартпауды сұрайды"

Сонымен қатар, ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмысты ашу күрделі екенін айтты.

"2-3 күннен соң, зардап шегуші тарап өз куәгерлігінен бас тартып, күйеуін қылмыстық жауапкершілікке тартпауды сұрайды. Біз кризистік орталықтармен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Қоғамдық бірлестіктер өте көп. Олар ішкі істер министрлігімен жұмыс істеуге дайын. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамды осы орталыққа жібереміз. Онда психологиялық, кейде материалдық көмек беріледі. Мен қоғамдық ұйымдарды ішкі істер органдарымен бірге жұмыс істеуге шақырамын", - деп түйіндеді сөзін министр.

Айта кетейік, осыған дейін ішкі істер министрі елімізде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық 25 пайызға артқанын хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer