ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
01 апреля 2020 | 15:52

Қазақстанда науқас коронавирусты 10 адамға жұқтырған жағдайлар бар - маман

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың статистикасы бойынша, 1 науқас 10 адамға дейін жұқтырған жағдайлар бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингте айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың статистикасы бойынша, 1 науқас 10 адамға дейін жұқтырған жағдайлар бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингте айтты.

"Бүгінде тіркелген 369 жағдайдың 91-і шет елден келгендер. Қалғаны бірінші, екінші, үшінші адаммен қарым-қатынас жасағаннан жұққан. Бұған қоса, 1 науқас 10 адамға жұқтырған жағдайлар бар. Бұл - біздің статистика. Вирус - өте жұқпалы. Бір адам 4 адамға жұқтыруы мүмкін. Сондықтан карантинді сақтайық", - деді бас санитар дәрігер.

Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 62 жастағы ер адам қайтыс болды.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазір елімізде 369 адамнан коронавирус індеті анықталды. 26 науқас жазылып шықты, 3 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498   525.74   4.99 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети