ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 апреля 2021 | 11:39

Қазақстанда пандемия кезінде жүктілікті жоспарламау ұсыныла ма? Маман жауап берді

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Пандемия кезінде жүктілікті жоспарламауды ұсынған елдер көбейіп келе жатыр. АҚШ, Еуропа мемлекеттері, ресейлік мамандар мен ДДҰ сарапшылары да коронавирус өршіп тұрған кезеңде жүктілік болашақ ана мен бала үшін аса қауіпті екенін айтып жүр. Ал Қазақстанда пандемия кезінде жүктілікті жоспарламау ұсыныла ма? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақты маманнан сұрап білді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Пандемия кезінде жүктілікті жоспарламауды ұсынған елдер көбейіп келе жатыр. АҚШ, Еуропа мемлекеттері, ресейлік мамандар мен ДДҰ сарапшылары да коронавирус өршіп тұрған кезеңде жүктілік болашақ ана мен бала үшін аса қауіпті екенін айтып жүр. Ал Қазақстанда пандемия кезінде жүктілікті жоспарламау ұсыныла ма? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақты маманнан сұрап білді.

Қазақстан Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, "Экомед" адам ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарованың сөзіне қарағанда, елімізде жүктілікті жоспарламау туралы кеңестер беріліп жатқан жоқ. 

"Біз қазіргі таңда жүктілікті жоспарлаған қазақстандық әйелдерге мынадай кеңестер беріміз: біріншіден, жүктілікке міндетті түрде дайындалып келу. Яғни, дәрігер мамандардың тексерісінен өту керек. Жүрек, бүйрек, асқазан, қантамырларының жағдайын біліп, толық тексерілгеннен кейін ғана жүктілікті жоспарлауды ұсынамыз. Екіншіден, қазіргі коронавирус жағдайында жүктілікті жоспарлауға дейінгі алты ай ішінде әйел коронавируспен ауырмаған болса, тексеріліп, вакцина алуға кеңес береміз. Егер екпе алмаған әйел жүктілік кезінде коронавирус жұқтырса, ол әрине ауруды ауыр өткізеді", - деді Байқошқарова.

Маманның айтуынша, жүктілік кезінде жұққан коронавирустың кейін ана мен балаға қалай әсер ететінін ешкім білмейді.

"Қазір коронавирустың кімге қалай әсер ететінін ешкім білмей отыр, яғни, жүктілік жағдайында ол балаға жұғар-жұқпасын және әйелдің өзіне қалай әсер ететінін білмейміз. Сол үшін біз жарты жыл ішінде ауырмаған, қарсы көрсетілімдері жоқ әйелдерге вакцина салдыруға кеңес береміз", - деді ол.

Сонымен қатар, анасы жүктілік кезінде коронавирус жұқтырған балалар кейін бақылауда болады. 

"Пациенттеріміздің арасында коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер бар. Алайда біздің орталықта ауыр дәрежеде ауырған әйелдер болған жоқ, жеңіл және орташа дәрежеде өтті. Бұл төрт әйелде болды. Қазіргі таңда әйелдердің де, жатырдағы балалардың да жағдайы қалыпты, ол әйелдер әлі жүкті және оларды жіті қадағалап отырмыз, жүктілігі жалғасып жатыр. Енді келешекте олардың балаларын да қадағалаймыз", - деді Байқошқарова.

Тәжірибеде болған жайттарды бөліскен Салтанат Байқошқарованың айтуынша, жүкті әйелдер арасында коронавирусты ауыр дәрежеде өткізгендер де бар.

"Тағы бір жайт мемлекеттік емханалардың бірінде болды. Әйел жүктіліктің жетінші айында коронавирус жұқтырып, ауыр симптомдары білінді. Әйелде пневмония болып, жансақтау бөліміне түсті, жүктілігі жалғасып жатыр, десек те ауру өте ауыр дәрежеде өтті", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer