ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
12 мая 2021 | 12:56

Қазақстанда ішімдік - 21 жастан, қару 18-ден асқандарға сатылады - депутат

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Депутат Қазақстанда ішімдік 21 жастан, ал қару 18 жастан асқандарға сатылатынына наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутат Андрей Линник Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Депутат Қазақстанда ішімдік 21 жастан, ал қару 18 жастан асқандарға сатылатынына наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутат Андрей Линник Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

Депутат кеше Қазанда болған оқиғаны еске салып, елдегі қару сату жүйесіндегі олқылықтарды атады.

"Қазан қаласындағы мектепте болған оқиға бәрімізді шошытты. Біз қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Мұндай қайғылы оқиғалар алыс шетелдерде болып жататын сияқты еді, ол елдерде қару-жарақты сақтауға қатысты либерал тәсілдер бар. Бізде қалай? Бізде азаматтар 18 жасқа толғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан белгілі бір қару түрін алуға рұқсат алғаннан кейін азаматтық қаруды алуға құқылы. Неге біздің заңнамаға сәйкес алкогольді 21 жастан, ал қаруды 18 жастан бастап сатуға болады?" - деді депутат.

Линник біздің елде қаруға лицензия алу үшін наркологиялық және психологиялық диспансерлерден тіркеуде ол адамның жоқтығы туралы стандартты анықтаманы беру жеткілікті екенін атап өтті.

Сонымен қатар, депутат қазақстандық мектептердегі қауіпсіздікке алаңдаулы екенін жеткізді.

"Бізде мектептердегі қауіпсіздік функцияларын вахтерлар орындайды, олардың көбі зейнеткерлік жаста, кейде сыпайы әрі сенім ұялататын әңгіменің өзі ғимаратқа кедергісіз кіру үшін жеткілікті болып жатады. Ал егер адам жаман ниетпен келсе, оның алдында егде жастағы күзетші тұрса, ол қандай қарсылықты сезінеді?" - деді ол.

Еске салайық, 11 мамырда Қазандағы № 175 мектепте атыс болған еді. Оны өзін "құдай" деп атаған 19 жастағы Ильназ Галявиев шығарған. Атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты, оның ішінде жеті оқушы мен екі мұғалім бар. Атыс шығарған жігіт ұсталды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer