ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
23 октября 2020 | 17:25

Қазақстанда судьялардың орташа жалақысы қанша?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов © Фото: Тұрар Қазанғапов ©

Қазақстандағы судьялардың орташа жалақысы 400-800 мың теңге аралығында. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы судьялардың орташа жалақысы 400-800 мың теңге аралығында. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, аудандық, облыстық және жоғарғы сотты қоса алғанда елімізде жалпы 2 684 судья бар.

"Алайда қазіргі таңда 2 400 судья нақты жұмыс істейді. Судьяның қызметіне 14 пайыз вакансия бар. Енді олардың жалақысына тоқталайын, оның еш құпиясы жоқ. Аудандық деңгейдегі судьяның жалақысы орташа есеппен 400-500 мың теңге аралығында, ал облыстық деңгейдегі судьяның жалақысы 600-700 мың теңге төңірегінде. Жоғарғы соттағы судьяның жалақысы 800-900 мың теңге аралығында. Мұнда ескеретін жайт бар, әрбір судьяның еңбек өтіліне байланысты жалақысында айырмашылық болуы мүмкін", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Асанов сот жүйесінде жемқорлық неге азаймай тұрғанын түсіндірді

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан судьяларының VIII съезі өтті. Онда судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс түрлеріне жазаны күшейту және тағы да басқа мәселелері талқыға салынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети