Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 января 2020 18:12

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

2019 жылы тегін әрі-дәрмекті тарату бойынша жалпы бөлінген бюджет 100 миллиард теңгеден астам болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 190 миллиард теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп айтты.


2019 жылы тегін әрі-дәрмекті тарату бойынша жалпы бөлінген бюджет 100 миллиард теңгеден астам болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 190 миллиард теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп айтты.

Берік Шәріптің сөзінше, биыл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 715 атауға дейін кеңейтілген.

"Дәрі-дәрмектерді кеңейту нәтижесінде биыл 1 қаңтардан бастап № 660 бұйрық бойынша 140 аурулар тобы нозологияға кірді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 715 атауға дейін кеңейтіліп жатыр. 2019 жылы жалпы бөлінген бюджет 100 миллиардтан астам болса, қазіргі таңда 190 миллиард теңгеге жеткен", - деді Берік Шәріп.

Сонымен қатар, қосымша дәрінің тізіміне 225 атау кірген. Оның ішінде 161 атау ересектерді жаңа технологиялар бойынша гемофилия, онкогематологиялық науқастарды емдеу үшін жаңадан кірген дәрілер.  

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мұның алдында дәрілер бес жасқа дейінгі балаларға тегін түрде берілсе, енді бұл топ 18 жасқа дейін ұлғайды. Бұл санаттағы адамдарға қосымша 192 дәрі-дәрмек енген. Қазіргі уақытта барлық жүргізілген рәсімдер мен ұсыныстар бойынша 222 миллиард теңгеге дәрі сатып алынған", - деп мәлімдеді Берік Шәріп.

Берік Шәріптің айтуынша, желтоқсаннан бастап қоймаларға 30 миллиард теңгеге жуық дәрі түскен. Оған 800-ден аса дәрінің атауы кіреді.

"Жалпы бүгінде дәрі-дәрмектің барлығы өңірлерге жеткізіліп жатыр. Барлық медициналық мекемеге 4,4 миллиард теңгеге дәрі жеткізілген", - дейді Берік Шәріп.

Берік Шәріптің сөзінше, жаңадан кірген 68 атау бойынша жаңадан ұсыныстар жиналып, сатып алу рәсімдерін өткізу және жеткізу процестері жүргізіліп жатыр. Еліміздегі өңірлерге жалпы наурыз және сәуірдің басына дейін жеткізілмек.

Все лекарства для детей станут бесплатными с 2020 года

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети