ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
09 июня 2020 | 13:40

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық 25 пайызға артты - Тұрғымбаев

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: ©Турар Казангапов Көрнекі сурет: ©Турар Казангапов

Қазақстанда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық 25 пайызға артқан. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық 25 пайызға артқан. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше жағдай режимі кезінде азаматтар оқшауланып, үйде отырғанда Дағдарыс орталықтарының шұғыл желі нөміріне көмек сұрап, қоңырау шалғандардың саны артты. Олар отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шағымданды. Дегенмен, өкінішке қарай, зардап шеккен 10 адамның екеуі ғана полицияға жүгінуге келіседі", - деді Тұрғымбаев ОКҚ онлайн-эфирінде.

Министрдің айтуынша, отбасындағы "тирандардан" қорғап, қауіпсіздікке байланысты отыз жеті мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылған. Құқықбұзушылардың тәртібіне қатысты 4 000 талап қойылған.

Бұған дейін Тұрғымбаев Қазақстанда карантин кезінде интернет-алаяқтық дерегі еселеп өсіп, қылмыскерлер 1 миллиардтан аса теңгені қолды қылғанын айтқан болатын.

Еске салайық, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдында есеп беріп жатыр. Ол өткен жылы ведосмтво атқанған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарын таныстырды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети