Қазақстанда ҰБТ толығымен электрондық форматқа көшіріледі

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: 24.kz Фото: 24.kz

Қазақстанда ҰБТ толығымен электрондық форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ҰБТ толығымен электрондық форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр білім саласындағы өзгерістерге де тоқталды.

"400 балабақша ашылып, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 99 пайызға жетеді. "Мектеп құрылысының жаңа үлгісі" арқылы 180 мектеп салынады. ҰБТ толық электрон форматқа көшіріледі. Отандық ғылымды жүйелі дамыту аясында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа қаражат салуын орталықтандыру көзделген. 500 ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағылымдамаға жіберу ұйымдастырылады. Жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді. Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басымдық орталығын құру бойынша жоба іске асырыла бастайды", - деді ол.

Сонымен қатар, отырыс барысында премьер-министр Асқар Мамин алдағы стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, үкімет 2021 жылға негізгі жеті бағытты анықтағанын атап өтті: өзіне жеткілікті экономиканы арттыру, сапалы инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті дамыту, сапалы цифрландыру, тұрғындарды табыс және жұмыспен қамту, бәсекеге қабілетті адами капитал. 

Премьер-министр Шымкент - Түркістан бағыты бойынша пойыз жоғары жылдамдықпен жаңа теміржол салынатынын айтты. Оның ұзындығы 260 шақырым. Пойыз 1 сағат 48 минутта 250 км/сағат жылдамдықпен жүреді. Теміржол құрылысының құны - 307,5 миллиард теңге. 2021-2024 жылдар аралығында салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro