Қазақстанда вакцина салдырғандардың қанша пайызы коронавирус жұқтырған?

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда вакцина салдырғандардың қанша пайызы коронавирус жұқтырған? Фото ©REUTERS

Қазақстанда екпе алған 20 211 адам коронавирус жұқтырған. Бірақ бұл жалпы вакцина салдырғандардың 0,1 пайызы ғана. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова вакцина түрлері бойынша вирус жұқтыру статистикасын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда екпе алған 20 211 адам коронавирус жұқтырған. Бірақ бұл жалпы вакцина салдырғандардың 0,1 пайызы ғана. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова вакцина түрлері бойынша вирус жұқтыру статистикасын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 99,9 пайызы вакцина алмаған. Ал қалған екпе салдырған 0,1 пайызы - 20 211 адам. Оның ішінде 7070 адам вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін вирус жұқтырған. 

"Олардың ішінде 6 108 адам "Спутник V" вакцинасын алған. Айта кетейік, елімізде ресейлік вакцинаны 5 669 855 адам салдырған. QazCovid-In вакцинасын 172 707 адам алған, олардың 172-сі ауырды. Hayat-Vax-ты 529 349 қазақстандық салдырды. Олардан 553 адам вирус жұқтырды. CoronaVac вакцинасын салдырған 249 373 адам арасында 218 жағдай тіркелді. Барлығында вирус жұқтыру 0,1 пайызды көрсетеді", - деді Зәуре Ахметова ОКҚ-да өткен брифингте.  

Ал вакцинаның екінші компонентін алғандар арасында жалпы 13 141 адам коронавирус жұқтырып отыр. Бұл жалпы ауырғандардың - 0,2 пайызы. 

"Спутник V"-дің екінші компонентін 4 912 195 қазақстандық салдырды. Олардың 0,2 пайызы вирус жұқтырды, бұл 11 101 адам. QazCovid-In-ді 113 730 адам алды, 231 адам вирус жұқтырды, бұл 0,2 пайыз. Hayat-Vax салдырған 472 463 адамның 1448-і вирус жұқтырды, бұл да 0,2 пайыз. CoronaVac салдырған 220 285 адамның 341-інен коронавирус анықталды, бұл 0,15 пайыз", - деді ол.

Айта кетейік, 2021 жылғы 8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 6 928 646 адам вакцинаның I компонентін салдырған, ал II компонентін 5 755 817 адам алған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 0
Астана -16
Актау 1
Актобе -5
Атырау -4
Б
Балхаш -8
Ж
Жезказган -14
К
Караганда -15
Кокшетау -12
Костанай 0
Кызылорда -19
П
Павлодар -15
Петропавловск -15
С
Семей -5
Т
Талдыкорган 8
Тараз 5
Туркестан -6
У
Уральск -11
Усть-Каменогорск 11
Ш
Шымкент -11

 

Редакция Реклама
Социальные сети