28 июля 2020 | 16:48

Қазақстандық туристер демалыс орындарына қалай бара алады?

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Юлия Чернявская

ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков шектеу шараларын ескере отырып, қазақстандық туристер ел ішінде демалыс орындарына қалай бара алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков шектеу шараларын ескере отырып, қазақстандық туристер ел ішінде демалыс орындарына қалай бара алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дастан Рыспеков осы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін брондау үшін бос орындар жоқ екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Қалалар мен облыстардың әкімдіктерінде туристік объектілердің қабылданған алгоритмдерге сәйкестігін тексеру бойынша тұрақты мониторингтік топтар құрылды. Осылайша, ішкі туризм саласында жұмыс істеуге және клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берілді. Біздің мәліметтеріміз бойынша, барлық курорттық орындарда осы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін броньдау үшін бос орындар қалған жоқ", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.

Төрағаның айтуынша, Алматы облысындағы Алакөл көлінің жағалауында, сондай-ақ Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан курорттық аймақтар бойынша келесідей келісілген шешімдерге қол жеткізілді:

- тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметімен берілген тиісті дайындық актілері бар, орналастыру орындарында алдын ала төленген броньдар бойынша демалушыларды қабылдауға рұқсат етіледі

Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлінің жағалауында отбасының бір мүшесіне ПТР анықтамасының болуы жағдайында, бұрын көзделген талаптарды ескере отырып, демалуына болады. 

Блокпосттардағы өткізу жүйесі туристерде орналастыру орындары ұсынған бронның бар-жоғы туралы деректермен салыстырылатын болады. 

"Қазақстандық курорттарда демалып жатқан барлық туристің назарына салғым  келеді: әлеуметтік қашықтықты сақтау, маскалар тағу, белгіленген карантиндік талаптарды ұстану және демалыс орындарының шегінен шықпау, топтану жағдайларын болдырмау сияқты шараларды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Егер бизнес пен азаматтар барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтаса, ел карантиннен тезірек шығып, осы қиын сәттерде барлығына төтеп бере алады", - деді ол.


Сонымен қатар, ведомство басшысы шығу туризмі саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Тамыз айында қазақстандықтарға Грузия мен Таиландқа шығуға рұқсат беру жоспарланған.

"Өздеріңіз білетіндей, шығу туризмі бойынша, 20 маусымнан бастап Түркия мен Оңтүстік Кореяға халықаралық қатынас ашылды. 2020 жылғы 20 маусым мен 4 шілде аралығындағы кезеңде 622 қазақстандық турист туркомпания қызметтерін пайдаланып, Түркияда демалуға мүмкіндік алды. Осылайша, шығу туризмі саласындағы компаниялар туристер алдындағы, оның ішінде бұрын ауыстырылған жолдамалар бойынша өз міндеттемелерін орындауды бастай алды. Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, Түркияға рейстер уақытша тоқтатылды. 

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруын ескере отырып, қазіргі уақытта бірқатар елдермен әуе қатынасын қалпына келтіру бойынша мәселелер қарастырылуда, оның ішінде тамыз айында Таиланд пен Грузияға рейстер ашу жоспарлануда", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан бастап қандай нысандар жұмыс істеуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын мәлімдеді.

Ал елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 84 648-ге жетті. 54 404 науқас аурудан айықты, 610 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная