1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

3 тамыздан бастап қандай нысандар жұмыс істеуі мүмкін? 28 июля 2020, 09:27

Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында еліміздегі коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайды баяндады,
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында еліміздегі коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 3 тамыздан бастап рұқсат етілетін нысандардың жұмысы туралы айтты.

Министрдің айтуынша, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим нормаларын сақтаған жағдайда, маска тағу және әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда 2020 жылғы 3 тамыздан бастап инфекция репродуктивтілігі бірліктен аз болған жағдайда, сондай-ақ апта ішінде төсек-орындардың 70 пайыздан төмені бос болмаса, өлім деңгейі түссе, келесі инфрақұрылымдық нысандардың қызметіне рұқсат етіледі:

- Жұмыс істеу уақыты және күнін шектей отырып, сауда-ойын сауық орталықтары, сауда орындары, сауда орталықтары, азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын жабық базарлар;

- Әр топта  5 адамнан аспайтын балалар коррекциялық орталықтар, үйірмелер, білім беру орталықтары; мектепке дейінгі білім беру мекемелері кезекші топтарды ашу режимінде; 

- Алдын ала жазылып, сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін сұлулық орталықтары, маникюр және педикюр;

- Мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар, кеңсе қызметкерлері 80/20 пайыз көрсеткішпен қашықтан жұмыс істеу керек;

- Таза ауада қашықтық сақтай отырып, жеке және топтық жаттығулар жасау; Сондай-ақ ұлттық құрамалар 30-дан астам адам жиналмай, жаттығу жасауға;

- Көшелерде, парктерде, саяжайларда 3 адамнан артық емес топпен серуендеуге;

- Қоғамдық көліктер уақыты шектеулі, маска тағу, кондуктор болу, санитарлық нормаларға сай және 50 пайыздан көп адам отырғызбай жұмыс істеу;

Мына нысандардың жұмысына тыйым салынады:

- Адамдар жаппай жиналатын шараларға, кинотеатрлар, фудкорттар, көңіл көтеретін ұйымдар, банкет залдары, ресторандар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына әлі де тыйым салу;

- Мәдени шаралар, конференция өткізу, форум, көрме өткізуге тыйым салу;

- Бассейн, фитнес орталықтар, спорт орталықтары, бассейндер, аквапарктер, жағажайлардың жұмысына тыйым салу; 

- Діни нысандардың жұмысына тыйым салу;

- Қала маңындағы жолаушылар автобусының (жұмыс пойыздарынан бөлек, электричкалар) қозғалысына, ортақ вагон, қалааралық автобустардың (микроавтобустардың) қозғалысына  тыйым салу.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!