Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 июля 2020 09:59

Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 1,7 пайызға төмендеді - Үкімет басшысы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік өсімі 4-тен 1,7 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы үкімет отырысында Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік өсімі 4-тен 1,7 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы үкімет отырысында Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде күшейтілген карантин режимі 2 тамызда аяқталады.

"Жалпы осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылғандардың саны 63 пайыздан асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4-тен 1,7 пайызға дейін азайды. Ауруханалардағы орындардың жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді. Айдың қорытындысы бойынша жедел жәрдемге шақыру бойынша көрсеткіш 38 пайызға төмендеді. Барлық өңір дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген", - деді үкімет басшысы.

Осы орайда Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсарту керегін атап өтті.

"Бүгін денсаулық сақтау министрлігі карантин шараларын біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Жалпы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік комиссияның отырысында бұл жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады", - деп түйіндеді сөзін премьер-министр.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 84 648-ге жетті. 54 404 науқас дертінен айықты, 585 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети