ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
26 июня 2019 | 18:44

Қазақстандықтардың кредиттері мен өсімпұлдары қалай кешіріледі - Түсіндіреміз

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды. Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтарға көрсетілетін көмектің ретін түсіндіреді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды. Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтарға көрсетілетін көмектің ретін түсіндіреді.

Президент қойған бұл Жарлық "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы" деп аталады. Оған берілген түсініктемеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік науқан кезінде аса өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге уәде берген еді. Сол өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі - Президенттің атына кепілсіз тұтыну несиелерін төлеуге қатысты азаматтардан келіп түскен көптеген өтініштер.

Бұл көмектің мақсаты не?

Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев қарызға батқан азаматтарымыздың жағдайына бей-жай қарай алмайтынын айтып, сондықтан Президент бұрын-соңды болмаған теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған. Басты мақсат - қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, оларға өздерінің отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беру. 

Көмек кімдерге және қандай жағдайларда көрсетіледі?

Сонымен, бұл жарлықта айтылған "әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар" деген кімдер? Олар - көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар.

Яғни түрлі себептермен қиын жағдайға тап болып, өз аттарына алған несиелік міндеттемелерін орындай алмай отырғандар. Бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетіледі.

Жарлық бойынша, кепілсіз тұтыну несиелері бойынша мынадай жағдайларда өтеу бойынша біржолғы тәртіпте шаралар қабылданады:

  • Аталған қарыздар бойынша борышкерлер көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар,  атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан  кәмелеттік жасқа дейін айрылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Қарыз бойынша  жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын болса;
  • Бір қарыз алушыға 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешегінің мөлшері 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, оларды өтеу бойынша  біржолғы тәртіпте шаралар қабылдасын.

Қанша көлемдегі несие өтеледі?

Несие алушылардың шамамен 300 мың теңге қарызы өтеледі. Бірақ мұндай сыйақы берілетін адамның биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 миллион теңгеден аспауы тиіс. 

"Көптеген азаматтардың несиелік жүктемесі өсуде, таза табыс көлемі төмендеуде. Адамдар өз несиелерін өтеудің жолдарын таба алмай отыр. Бұл мәселе 500 мыңға жуық несие алушының тұрмысына тікелей әсер етуде. Несиелердің 86 пайызынан астамының мөлшері 1 миллион теңгеден аспайды", - делінген Жарлыққа берілген түсіндірмеде.

Осы себепті Үкіметке және Ұлттық банкке бір реттік акция ретінде келесі шараларды қабылдау тапсырылған.

Тікелей және атаулы қаржылай көмек ретінде жоғарыда аталған санаттағы азаматтар үшін мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтейді. Сол 500 мың адамның 55 пайызында, яғни 250 мыңында осы сыйақы көрсетілгеннен кейін несиесі жабылады. Қалған несие алған азаматтардың қарыздары 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі. Бұл олардың төлеу қабілеттілігін қалпына келтіруге және қарыз жүктемесін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізеді.

Қашаннан бастап көмек беріледі?

Жарлық қол қойылған күнінен, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі. Алайда бұл қаулыны іске асыру жұмыстары енді басталады деген сөз. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен бірлесіп Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдауға тапсырма берілген. 

Өсімпұлдар қалай кешіріледі?

2019 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша банктерде және шағын қаржы ұйымдарында кепілсіз тұтыну қарыздары бар барлық азамат үшін есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсімдері есептен шығарылады, яғни кешіріледі. Несие алушылардың бұл төлемдерін есептен шығару, ең алдымен, екінші деңгейдегі банктер мен шағын қаржы ұйымдарының есебінен жүргізіледі.

Сонымен қатар, несие беруге, несиеге қатысты қызмет көрсетуге және жеке тұлғалардың 90 күннен астам мерзімі өткен барлық кепілсіз қарыздарына байланысты айыпақы, комиссия және өзге де төлемдер есептеуге тыйым салынады. 

Бұдан былай кімдерге қарыз берілмейді?

Қаржылық ахуалын одан әрі нашарлатпау үшін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі азаматтарға займдар беруге тыйым салынатын болады. Ұлттық банк кепілсіз тұтыну займдарын беру кезінде қосымша реттеу шараларын қабылдайды. Олардың ішінде - займ алушының жалпы қарыздық коэффициенті, банктердің жеке капиталына деген қосымша талаптар және басқалар бар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer