ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
26 марта 2020 | 13:40

Қазақстанның бірнеше өңірінде жемқор шенеуніктер сотталды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның бірнеше өңірінде жемқор шенеуніктер сотталды. Олардың қатарында селолық округтің есепшісі, өрт сөндіру қызметінің басшысы, полиция инспекторы мен басқарма басшысы бар. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірнеше өңірінде жемқор шенеуніктер сотталды. Олардың қатарында селолық округтің есепшісі, өрт сөндіру қызметінің басшысы, полиция инспекторы мен басқарма басшысы бар. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шахтинск қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы М.С. Әлиевке және "Байтас ХХI" ЖШС басшылары А.Д. Цой мен Д.П. Ханға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау бойынша сотқа дейінгі тергеуді өндіріспен аяқтады.

"Олар шамамен 232 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғаны, бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Цой мен Ханға қатысты бұрын тіркелген қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешуге ҚР Бас Прокуратурасының лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 40 мың АҚШ доллары сомасында пара беруге бір топ тұлғаны арандатқаны және жымқырғаны үшін күдікке ілінген. Осы жылдың 18 наурызында Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен: Әлиев 10 жылға, Цой мен Хан 8 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді аға тергеуші ведомствода өткен онлайн-брифинг барысында.

Ал "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы" ММ басшысы Е.Б. Үмбетке коммерциялық семинар өткізуге "Шымкент Цирк" МҚК залын жалға алуда цирк кассасына іс жүзінде қаражат төлеместен, қосымша уақыт бөлуге жәрдемдескені үшін кәсіпорын өкілінен 300 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болып, 19 наурызда Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының үкімімен Е.Б. Үмбет 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.А. Ибраевқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді аяқталды.

"Ол жалпы қамқорлығы мен діңгекті антенна құрылғыларын орнату бойынша орындалған жұмыстың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпорын директорынан 1200 доллар көлемінде пара алу күдігіне ілінді. 2020 жылы 19 наурызда Петропавл қалалық сотының үкімімен Ибраев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деді аға тергеуші.

Аталған облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін Тимирязев ауданының Тимирязев селолық округінің әкімі С.О. Байгужинге қатысты алаяқтық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Байгужин Тимирязев аудандық ауруханасының бұрынғы жұқпалы аурулар бөлімшесінің қираған орнын бұзуға және бөлшектеуге рұқсат бергені үшін алаяқтық жолмен ақша алуға әрекет жасады деген күдікке ілінді. 19 наурызда Тимирязев аудандық сотының үкімімен Байгужин 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Сондай-ақ, "Қарағанды облысының Осакаров ауданы Пионер селолық округі әкімінің аппараты" ММ және "Қарағанды облысы Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ есепшісі А.К. Калашбаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу өндіріспен аяқталды. Ол шамамен 4 628 808 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Осы жылдың 18 наурызында Осакаров аудандық сотының үкімімен Калашбаева 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, көрсетілген мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Ал "Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің Атырау қалалық басқармасы" ММ жетекші маманы Ж.Ихсанғалиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды. Ихсангалиева санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізбестен, санитарлық кітапшаларды бергені үшін жүгінген тұлғалардың қаражатын алаяқтық жолмен иемденуде күдікті болды. 19 наурызда Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Ихсанғалиева 480 мың теңге көлемінде айыппұлға сотталды.

ШҚО Полиция департаментінің Өскемен қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғау бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Р.С. Қапанның ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша қылмыстық ісі өндіріспен аяқталды.

"Ол қылмыстық істі тоқтату үшін 50 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. 17 наурызда Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен Р.С. Қапанға полиция капитаны арнайы атағынан айырумен қатар, 1 250 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Айта кетейік, сот үкімі кесілген шенеуніктер өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети