ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
17 июня 2021 | 17:47

Қазақстанның коронавирусқа қарсы екінші вакцинасы қандай болады?

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
QazCoVac-P отандық суббірлік вакцинасы. © 24.kz кадры QazCoVac-P отандық суббірлік вакцинасы. © 24.kz кадры

Қазақстанда осыдан бірнеше күн бұрын коронавирусқа қарсы тағы бір отандық вакцинаның клиникалық сынағы басталған еді. Ол қандай вакцина? Ерекшелігі неде? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" РМК Бас директоры Күнсұлу Закарья жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда осыдан бірнеше күн бұрын коронавирусқа қарсы тағы бір отандық вакцинаның клиникалық сынағы басталған еді. Ол қандай вакцина? Ерекшелігі неде? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" РМК Бас директоры Күнсұлу Закарья жауап берді.

"Құрамында тұтас вирус жоқ"

Институттың коронавирус инфекциясына қарсы әзірлеп шығарып, қолданысқа берген отандық QazCOVID-in немесе тауар атауы QazVac - инактивтендірілген вакциналар қатарына жатады. Қазіргі кезде Институт ғалымдары COVID-19-ға қарсы QazCoVac-P суббірліктік вакцинаны клиникалық зерттеудің І-кезеңді сынағына ұсынып отыр. Бұл вакцинаның QazVac-тан ерекшелігі - молекулалық биологияның заманауи технологияларын қолданудың арқасында, әзірлеушілер SARS-CoV-2 коронавирусының иммундық жүйемен танылатын RBD және N ақуыздарын өндіретін штамдарын алып, соның негізінде препарат дайындады.

Вакцинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алынған ақуыздарды күрделі тазартудың барлық кезеңдері жүргізілді және сапа бақылауы өткізілді. Олардың құрамында тұтас вирус жоқ. Вакцина екінші дозаны бұлшықет ішіне енгізгеннен кейінгі 14-інші тәулікте егілген зертханалық жануарлардың денесінде иммунитетті дамытуға себепші болды.

Инактивтелген вакциналардың құрамындағы сияқты суббірлікті вакциналардың құрамында да патогеннің тірі компоненттері жоқ және өте қауіпсіз. Вакцинаның құрамындағы адъювант иммундық жауаптың пайда болуына себепші болады және вакцина алушының ағзасына теріс әсер етпейді. Себебі, бұл вакцинаның құрамына тек қажетті антигендер кіреді және вирустың барлық басқа құрамдас бөлшектері жоқ, суббірлікті вакцинадан кейінгі жанама әсерлер сирек кездеседі. Вакцинаның бұл түрінің мысалдары ретінде тұмауға, В гепатитіне, пневмококқа, менингококкқа, гемофильді инфекцияларға және тағы да басқа ауруларға қарсы вакциналарды айтуға болады.

"Жарты жыл..."

QazCoVac-P суббірліктік вакцина барлық сынақтан сәтті өтіп жатса ол екі дозадан тұратын болады, екі екпенің арасындағы уақыт 21 күн болады. Қазіргі кезде пандемияға байланысты КВИ-ға қарсы вакциналарды клиникалық зерттеудің екі кезеңінің нәтижесі оң, тиімділігі жоғары болып жатса ДДСҰ ережесі бойынша, ол препаратты аталған індеттің алдын алуға қолдануға рұқсат беріледі, сонда ғана екпе ретінде қолдануға болады.

Клиникаға дейінгі сынақтарды санамағанда, клиникалық зерттеудің І және ІІ кезеңінің ұзақтығы жарты жылдық уақытты қамтиды. Бұл мерзімге әр клиникалық кезең бойынша нәтижелерді қорытындылау, оны тиісті сараптау орталығының талдауы, сонымен қатар, ҚР ДСМ бекітуі кіреді, жалпы айтқанда, біраз уақытқа созылады.

 "Ковидке қарсы тағы 3 вакцина жасалады"

QazVac пен QazCoVac-P вакциналарынан басқа Институт ғалымдары "COVID-19 коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасының шеңберінде тағы да 3 түрлі вакцинаны әзірлеуді жоспарлап отыр, олардың екеуі векторлық, оның бірі каприпоксивирусқа және екіншісі тұмау вирусына негізделген, сонымен қатар бесіншісі - тірі (аттенуирленген) вакцина.

Коронавирусқа қарсы тағы бір отандық вакцинаның клиникалық сынағы басталды

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer