РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 сентября 2024 | 10:17

“Қазақтармен болған көкпардан есімізді әрең жидық“ - америкалық ковбой

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Massaget.kz тілшісі дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпаршылардың ойынын тамашалап, әлеуметтік желіде видео роликтері арқылы танымал болған америкалық және отандық ойыншылардың ойын кезіндегі әсерлерін біліп қайтты.


Massaget.kz тілшісі дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпаршылардың ойынын тамашалап, әлеуметтік желіде видео роликтері арқылы танымал болған америкалық және отандық ойыншылардың ойын кезіндегі әсерлерін біліп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Елордадағы "Қазанат" ипподромы... Ширек финал. Тартыс! Ысқырған, шулаған жанкүйерлердің дауысы мен аттардың тұяқ дүрсілі араласып шығып жатты. Алаңда қазақтың көкпаршылары мен алыстан келген америкалық команда ойыншылары. Ойынның ережесі солай: біреулері жеңіп, бөркін аспанға атады, біреулер жеңіледі. Бұл жолы алаңның шаңын қоса жұтып, жанкүйерлермен бірге жеңілістің салмағын сезінген - Вил Грант бастаған USA Kokpar Team ойыншылары. "Қазақтармен болған ойыннан есімізді әрең жидық" деп мойындады олар.

Көкпар ковбойларға қалай келді?

Ковбойлар көкпар ойнайды деп кім ойлаған?! Америка үшін бұл – спорттың кейіннен ашылған жаңа түрі. Ковбойлар алғаш рет көкпарды 2018 жылы көріп, қызыға бастаған. Бірден USA Kokpar Team ковбойлар командасы құрылып, дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысу үшін өтінім білдірген. Содан бері олардың бұл ермегі үрдіске айналып, ат басын Қазақстанға бұрды. Топ мүшелері әуесқой болғанымен, жігерлері мықты – сайысқа кәсіби көкпаршылармен шығудан именбепті. Өйткені ковбойлар үшін жеңіске жетуден гөрі, жылқының жанындағы рух пен көшпенділер мәдениетін терең сезіну маңызды.

"Қазақстан бізге ұнап жатыр. Халқыңыздың қонақжайлығы таңғалдырды. Бұл бізді ерекше шабыттандырады. Спортшыларыңыздың ашықтығы мен мейірімділігі бізді көкпарға деген сүйіспеншілігімізді одан сайын күшейтті", - дейді Вил Грант, олардың жетекшісі.

Бұл көкпар жайында кітапта жазылады

Вил Грант Орталық Азия жылқыларын зерттеп, кітап жазып жүрген ойыншы екен. Адамдар мен жылқылардың байланысын біраз жыл бақылап келемін деген кейіпкеріміз – қазақтар мен жылқылардың байланысы өзге елдікіне ұқсамайтынын айтты.

"Кітапта жылқылар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас жайлы болады. Бұл тақырыпты ұзақ уақыт зерттеп келемін. Осы жолғы сапарымда елдеріңізде қалып, зерттеуімді жалғастырамын деп ойлаған едім. Бірақ көкпар барысында қолымды жарақаттап алып, елге қайтатын болдым. Әріптестерім наурыз айы, ауа райы жақсарған кезде кел деді. Кітапта қазақтардың жылқылармен байланысы жайлы да жазуды жоспарлап отырмын. Себебі қазақтар мен жылқы жануарының байланысы өзге халықтардыкіне ұқсамайды. Мен соны қарап, әрі қарай зерттегім келеді. Сондай-ақ қазақтардың жылқы етін сүйіп жейтінін білемін. Маған да жылқы еті ұнайды", - деп ой бөлісті Вил.

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Бізді байланыстыратын жылқы"

"Көшпенділер ойындары спортшылардың бір-бірімен байланысуына, жаңа мәдениетті тануына ықпал етеді. Бұл жерде ешқандай саясат жоқ, ойын негізіндегі өзара достық сайыстар. Жарысқа шыққанда қарсыласпыз, жарыс аяқталғаннан соң доспыз. Және бізді байланыстырған жылқы", - деп түйіндеді сөзін Вил Грант.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 477.44   527.18   5.25 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети