ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
21 августа 2019 | 14:00

"Қазіргідей ретімен А, Ә, Б деп үйретпеген". Ахмет Байтұрсынұлының әліппе үлгісі қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

16 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі Тамыз конференциясы өткен. Тұңғыш рет Президент қатысқан конференцияда білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында болатын өзгерістерді баяндаған. Соның бірі - мектеп бағдарламасына Ахмет Байтұрсынұлының әліппе үлгісін қайтару. Tengrinews.kz Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаевадан бұл әліппе үлгісі жайлы сұрап білді. 


Иконка комментария блок соц сети

16 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі Тамыз конференциясы өткен. Тұңғыш рет Президент қатысқан конференцияда білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында болатын өзгерістерді баяндаған. Соның бірі - мектеп бағдарламасына Ахмет Байтұрсынұлының әліппе үлгісін қайтару. Tengrinews.kz Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаевадан бұл әліппе үлгісі жайлы сұрап білді. 

Филологтың айтуынша, бұл жүйе бойынша әліппеде әріптер жай ғана алфавит тізімімен үйретілмейді. 

"Министр конференцияда әріптерді алфавит жүйесімен тізбектеп үйретпейміз деді. Яғни әр әріппен таныстыра отырып, жекелеген сөздермен үйретуіміз керек екенін айтты. Бұл жүйе Ахмет Байтұрсынұлының негіздемесін басшылыққа ала отырып дайындалып жатыр екен", - дейді Орынай Сағынғалиқызы. 

Маман Ахмет Байтұрсынұлының әліппе жүйесі мен қазіргі әліппе жүйесінің айырмашылығын айтып берді.

"Байтұрсынұлының әліппе жүйесі өте керемет қой. Сол кездің өзінде әріп үйретудің неше түрлі жаңа әдістері болған. Ол жүйе бойынша бастапқыда мысал ретінде айтайын, "А", "Р", "З" әріптерін үйреткен. Сосын "араз", "ораз" деген сияқты бірден үйреніп бастаған", - дейді маман. 

Орынай Сағынғалиқызының сөзінше, Байтұрсынұлы жүйесі бойынша бастапқыда үйренген әріптерге жаңа әріптерді қосып отырып әріп үйреткен. Сөйтіп бала жаңа сөздер қорын ұлғайтып отырған. 

"Қазіргідей ретімен "А", "Ә", "Б" деп үйретіп отырмаған. Себебі бұлай тізе берсе бала сөз үйренбейді. Ал бұрынғы жүйеді бірден сөз құрастыратындай әріптерді алып үйретіп отырған. Сөйтіп бала ойнап отырып-ақ үйреніп алған", - дейді маман. 

Сондай-ақ, маманның айтуынша, Ахмет Байтұрсынұлының әліппе үлгісі бойынша балаға әріпті бірден үйретпеген екен. Алдымен баланың құлағын үйретіп, мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтқызып, түрлі суреттерді ойын ұйымдастырып отырып үйреткен. Сосын барып қана әріп үйретуге көшкен.

Еске салайық, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында Қазақстан мектептеріне "Әліппе" қайтарылатынын мәлімдеген болатын. "Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз Әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсынұлының әдістемесі негізінде енгізілетін болады", - деді министр.

Айта кетейік, Ахмет Байтұрсын­ұлының қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған тұлға болғандығын оның қаламынан шыққан қыруар еңбектері дәлел болады. Мәселен, "Оқу құралы" (Қазақша әліппе) атты кітабы алғаш рет 1912 жылы Орынборда жарыққа шықты. Бұл еңбегі 1912-1925 жылдар аралығында 9 рет қайта басылып, қазақ қоғамында ұзақ қолданыста болды. Сондай-ақ "Оқу құралының" (Әліппеге жалғасы) 2 кітабы 1913 жылы жарық көріп, 1924 жылға дейін 4 рет басылып шығады. Одан кейінгі "Оқу құралының" (Әліппеге баяншы) 3 кітабы 1913-1921 жылдар аралы­ғын­да 2 рет жарық көреді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети