ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
11 февраля 2020 | 09:27

"Келесі кім?". Баян Мақсатқызы Қордайдағы қақтығыс туралы пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Мақсатқызы. © instagram.com/bayanmaxatkyzy Баян Мақсатқызы. © instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қақтығыс туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қақтығыс туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Продюсер Instagram желісіндегі жазбасында жаман ұлт жоқ екенін жазған. 

"Көбіміз үшін ең ыңғайлы позиция - жәй ғана үндемеу, ол алыста, бізге қатысы бар, бірақ біз онда емеспіз... Біз сонда болдық, бола береміз де. Біздің заманымыз - қатыгездік, жек көрушілік, шыдамсыздық, бұл тіпті басқа ұлттарға емес, бір-біріне деген сезім. 11 адам қаза тапты, олар жол апатынан қаза болған жоқ, бесінші қабаттан құлап кеткен жоқ, оларды қатыгездікпен өлтіріп, үйлерін өртеп жіберді. Қазір ұлтаралық қақтығысты кім бастағанын анықтай алмайсың, жылдар бойы біздің ел бәрі үшін жұмақ, ең толерантты мемлекет екенімізді айтып келеді. Бұл сандырақ, біз көп жағдайда жеккөреміз, шыдамаймыз және әр ыңғайлы жағдайда кімнің қожайын екенін айтып қалуға тырысамыз. Ұлы Абай қалай дұрыс айтқан, содан бері ештеңе өзгермеді ғой?!", - дейді ол.

Сонымен қатар, ол қоғамда адами құндылықтар ұмытылғанын айтты.

"Үндістер, қытайлар, дүнгендер, армяндар, түріктер, келесі кім? Біз қарапайым адами құндылықтар, мейірімділік, ар-намыс, қадір-қасиет дегенді баяғыда ұмытқанбыз. Кеудемізді ұрып, патриотпыз дейміз. Патриот - өзгелерді жеккөретіндер емес, өз ұлтын сүйетіндер. Бүгінде жалған патриот өте көп, олар өз аумағына келгендердің бәрін Отан үшін деп өлтіруге дайын. Бұл қорқынышты. Бұл постпен жаман ұлт жоқ екенін, ұлтқа қатысы жоқ, құдайсыз адамдар бар екенін айтқым келеді", - деді Баян Мақсатқызы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Самая удобная позиция для многих из нас - тихо отмолчаться, это же далеко, это вроде про нас, но нас там не было... Было, были, и есть. Наша современность - это жестокость, ненависть, нетерпимость и даже не к другим нациям, друг к другу. 11 человек убито, они не погибли в автокатастрофе, они не упали с пятого этажа, их убили, жестоко, а потом сожгли дома. Сейчас не разберёшься, кто разжег межнациональную бойню, факт, что нам все эти годы впихивали, что в стране рай для всех, что у нас самое толерантное государство. Это же бред, мы в большинстве своём ненавидим, не терпим, и при каждом удобном случае пытаемся орать, кто в доме хозяин. Как же был прав великий Абай, ведь ничего по сути не изменилось?! Индусы, китайцы, дунгане, армяне, турки, кто следующий? Мы давно забыли, что значит обычные человеческие ценности, что значит доброта, честь, достоинство. Мы бьем себя в грудь и кричим, что мы патриоты. Патриот - это тот, кто любит свою нацию, а не тот кто ненавидит другие. Сегодня слишком много псевдопатриотов, которые убивают за родину, лишь за то, что проехали по их территории. Это страшно. Пост о том, что нет плохих наций, есть нелюди, они не имеют отношения к нации, они безбожники.

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді.

Қордайдағы қақтығыс. Танымал қазақстандықтар Желіде не жазып жатыр?

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. Қақтығыс салдарынан 10 адам қаза тапқан еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети