ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 сентября 2020 | 10:43

"Кетуге өтініш жазды". ҚМДБ қызды "зорлықшымен татуластырғысы келген" имам туралы

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"31 арна" кадры "31 арна" кадры

Қазақстандық телеарна эфирінде имам зәбір көрген қызды "зорлықшымен татуластырғысы келген". Әлеуметтік желі қолданушылары дін өкілінің әрекетіне сөгіп, шу шығарды. Тіпті "оны зәбір көрген қыздың аулындағы мешіттің бас имамы, ал сол мешітті қызды зорлаған жігіттің ағасы салып берген" деген ақпарат тарады. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы өкілдерінен имамның іс-әрекетіне баға беруді сұрады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық телеарна эфирінде имам зәбір көрген қызды "зорлықшымен татуластырғысы келген". Әлеуметтік желі қолданушылары дін өкілінің әрекетіне сөгіп, шу шығарды. Тіпті "оны зәбір көрген қыздың аулындағы мешіттің бас имамы, ал сол мешітті қызды зорлаған жігіттің ағасы салып берген" деген ақпарат тарады. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы өкілдерінен имамның іс-әрекетіне баға беруді сұрады.

"Кел, татуласайық!" ток-шоуы "31 арнада" осымен бірнеше айдан бері шығып келеді. Алайда newreporter.org басылымының медиасыншысы мұнда қылмыскерлерді кешіру және зәбір көрген қыздар мен әйелдерді айыптау идеясы айтылып жатыр дейді.

Мысал ретінде 18 жастағы Қызғалдақ Талғатқызы алынған. Оны 14 жасында үш жігіт зорлаған. Олар соты өтсе де, түрмеге қамалмаған, ал жәбірленуші жүкті болып, кейін босанып алған. Бағдарламада Қызғалдақты баланың әкесімен татуластырып, әке ретінде танып, алимент өндіруге көндіргендер болған делінеді. 

"Шығарылымдардың бірінде әкесі эфир кезінде телефон соғып, 14 жастағы қыз зорланғанына өзі кінәлі екенін айтады. Қыз олардың аулына көп барған, ал зорлықшылар саны бұдан да көп болған. Келесі шығарылымда зорланған қыздың әкесі кәмелетке толмаған қызының тағдырып сол кезде-ақ шешіп тастағаны - ол не зорлықшыларды кешірген, не келісім жасағаны айтылады, солайша іс тараптардың татуласуына байланысты жабылған. Сол кезде жоба авторлары "әділдікке жету миссиясын" ұмытып, татуласуға көшті. Бірақ зорлықшымен татуласы идеясының өзі ақылға қонымсыз", - деп жазады Newreporter.

Телеарна эфирінде имам зәбір көрген қызды "зорлықшымен татуластырғысы келген"

Медиасыншының айтуынша, қатысушылар мен қонақтардың пікірі де ақылға қонбайды. Мысал ретінде ауыл имамының мына сөзі келтіріледі: "Жігіттердің де тағдырын ойлау керек, олардың бірі үйленді ғой, ал өзгесі - отбасындағы жалғыз ұл, ал қыз ауылды әлемге масқара етті. Сондықтан бұл істі сотсыз-ақ шешейік, ауыл ақсақалдарының көмегіне жүгінейік"

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағылар "имамның іс-әрекетіне қатысты шара қолданыла ма?" деген сұраққа қысқа жауап қайырды.

"Имам қызметінен босату туралы өтінішін жазды", - деді басқармадағылар.

Сондай-ақ ҚМДБ өкілі ауылдағы мешітті зорлық жасаған жігіттің ағасы салып бермегенін айтты.

"Мешіт ауыл жамағатының қолдауымен салынды. Басты күдіктінің ағасының Алматы облысы Райымбек ауданы Қаратоған аулы мешітінің салынуына ешқандай қатысы жоқ", - деді ол. 

Зорлықшыға қатысты исламда жазалау қарастыру керегін де атап өтті.

"Зорлықшылдық - бассыздық ету, зұлымдық жасау, шектен шығу. Аллаһ Тағала айтады:"Ей, құлдарым! Мен Өзіме зұлымдық жасауды харам еттім, сендерге де зұлымдық жасауды харам еттім. Бір-біріңе зұлымдық етпеңдер... Исламда зорлық жасағанды жазалау керек. Зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан, заң шеңберінде шешімін табу қажет", - деді басқармадағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer