ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 декабря 2020 | 23:15

"Кейбірі сенімді ақтады, кейбірі жымқырды". Назарбаев кімдерден үміт күткенін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев. "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің кадры Нұрсұлтан Назарбаев. "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің кадры

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің екінші бөлімінде оппозиция қандай болуы керегін және Тәуелсіздік алған жылдары қандай мамандар жетіспегенін әңгімеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің екінші бөлімінде оппозиция қандай болуы керегін және Тәуелсіздік алған жылдары қандай мамандар жетіспегенін әңгімеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен түсінемін, біз еркін, демократиялық мемлекетпіз. Олай болса, түрлі көзқарас болуы керек. (...) Егер оппозиция болса, сын болса, олар ұсынуы керек. Нақты іске келіп, мынау қате, мынау дұрыс деп. Бұл - оппозиция. Олармен келіссөз жүргізуді бастасаң, өзің ұсынып отырғаныңды істейсің бе, жоқ па деп сұрайсың. Осындай оппозиция болғанын қалайсың. Ал мұндай болмады", - дейді Елбасы.

Кейін Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қызметте көп отырғандарды неге орнынан алып тастауға мәжбүр болғанын баяндады.

"30 жыл бұрын мен Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы болдым. Мен мұнда коммунистік партияны басқардым. Жақтастарым кім болған еді? Обкомның бірінші хатшылары, райком хатшылары, партия горком хатшылары. Облыстық, аудандық, қалалық атқару комитетінің хатшылары. Осылармен жұмыс істедім. Министрлер де сол партиядан шыққандар болды. Оларға нарық экономикасына өтуді түсіндіру қиын болды. Адам әрқашан өзі білетін жолмен ғана жүргісі келеді. Жаңа жолға өткісі келмейді, ол жолды білмейді, қайда жүру керегін білмейді. Тасы қайда, оры қайда, білмейді. Өзі жүрген жолмен жүре бергісі келеді. Бәрі менің жақтасым, досым болса да, оларды бұру қиын болды. Оларды алып тастауға мәжбүр болдым", - деді Назарбаев.

Осыдан кейін ол жастарға мүмкіндік беруді ұйғарғанын, себебі олар көп жыл жұмыс істеген қарияларға қарағанда жақсырақ түсінетінін айтты. 

"Экономист, менеджер мамандығы бойынша оқыған адамдар жаңадан келіп жатты. Бұл 25-30 жастағы жігіттер еді. Оларды қарай бастадым, экономикалық кеңестің бірінші тобына көп адам кірді. Олардың ішінде Ораз Жандосов, Өмірзақ Шөкеев сияқты жігіттер болды. Қарап, зерттедім, бастап көрейік дедім. Сол кезде кейбірі банкте жұмыс істеді, Кәрім Қажымқанұлы да жекеменшік банк қызметкері болды. Осы жігіттер кірген бірінші экономикалық кеңесті қарап, оларды бекіте бастадым, өздеріңіз білесіздер, Жандосов қаржы министрі болды, вице-премьер болды, Әблязов министр болды. Мен оларға сендім, үміт күттім. Кейбірі сенімді ақтады, кейбірі не жымқырды, не жұмысында құлдырады. Ең қызығы, мен оларды қойсам, олар құлдырап жатса, сөйтсек мен кінәлі болыппын, оларды кешіріп, сақтап қалуым керек болыппын. Бұл қалыпты жағдай, адамға тән нәрсе. Мен бұған философиялық тұрғыда қараймын. Сондықтан сынаққа төзбеген жігіттерге обал, бірақ мен бұл қадамды жасағаныма әлі күнге өкінбеймін, өздеріңіз көріп отырсыздар, қаншама адамды дайындағанымызды", - деді Елбасы.

Еске салайық, деректі фильмнің бірінші бөлігі 1 желтоқсанда көрсетілген. Онда Нұрсұлтан Назарбаев сатқындық және Мұхтар Әблязов туралы, сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевпен өкілеттігін тоқтатуға бір күн қалғандағы диалогын әңгімелеген.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer