ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
03 августа 2020 | 11:17

Қиын кезең артта қалды - Алексей Цой

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қазір коронавирус жағдайы тұрақталып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қазір коронавирус жағдайы тұрақталып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы наурыз айынан бері 92 662 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық науқас емделіп жатыр, қалған науқастар жазылып шықты. Өкінішке қарай, кешегі күнмен есептегенде 1058 адам қайтыс болды. Бүгінде коронавирус жұқтырғандар азайып келеді. Мысалы, бір тәулікте 1069 адам COVID-19 жұқтырады. Ауруханаларда дәрі-дәрмектер жеткілікті. COVID-19 және пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған 52 мың төсек-орын бар", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Айта кетейік, пневмония мен коронавирустың біріккен статистикасы 1 тамыздан басталады деп жоспарланған. 17 шілдеде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмония статистикасы тамызда біріктірілетінін мәлімдеген болатын. Министр елімізде 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында 234 187 пневмония дерегі тіркелгенін атап өтті.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 92 662-ге жетті, 62 511 адам аурудан айықты.

Сондай-ақ 5181 тұрғын пневмониямен ауырды, 30 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети