ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
28 февраля 2020 | 12:19

"Қиын мәселе". Ауыл тұрғындары үшін жаңа телеарна ашу ұсынылды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин аграрлық тақырыпта хабар тарататын жаңа телеарна ашуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин аграрлық тақырыпта хабар тарататын жаңа телеарна ашуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сенатта "Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері" тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтіп жатыр.

Отырыста сенатор Дүйсенғазы Мусин ауылдарды сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтіп, жаңа телеарна ашуды ұсынды.

"Ауылдық елді мекендерді дамыту қиын мәселелерінің бірі - ақпаратпен қамтуды жаңа деңгейге шығару. Озық технологиялар, мемлекеттік қолдау шаралары, заңнамалық базадағы өзгерістер, нарық маркетингі туралы хабар берілуі тиіс. Сондықтан аграрлық ғылым мен озық тәжірибелі еңбек адамының бейнесін насихаттайтын көрсетілімдердің маңызы өте зор. Осы орайда арнайы мамандандырылған аграрлық телеарна ашу қажет деп санаймыз", - деді депутат.

Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы саласына озық технологияларды енгізу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, соңғы 7 жылда 70 сүт фермасы іске қосылыпты.

"Алайда жыл сайын 52 мың тоннадан аса сүт қышқыл өнімдерімен өңделген сүт, 49 мың тонна ірімшік және құрғақ сүт импортталады. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар, азық-түліктер, бақша дақылдары, жеміс, көкөністерді өңдеудің озық технологиясы қажет. Жалпы бүкіл өңдеу саласының өткір мәселесі өңдеуші кәсіпорындардың сапалы шикізатпен қамтуға басты назар аудару керек", - деп түйіндеді сөзін Дүйсенғазы Мусин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети