ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
22 июля 2020 | 15:40

"Көбейтұз, итбалық, лотосты жұлу". Министр экологиялық проблеманы шешу жолын ұсынды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда қоқыс тастайтын заң бұзушылармен күресудің екі тәсілін ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда қоқыс тастайтын заң бұзушылармен күресудің екі тәсілін ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр жақында елімізде Ақмола облысындағы Көбейтұз көлінің тұзын сату және Алматы маңында лотос гүлін жұлу фактілерін "табиғатқа аяусыздық танытқан жайттар" деп атап өтті.

"Өкінішке қарай, соңғы аптада біз табиғатқа аяусыздық танытқан жайттардың куәгері болдық. Бұл баршаңызға белгілі Ақтаудағы итбалықтарды ұрып-соғу фактісі, Бурабайдағы үйіліп жатқан қоқыстар, Алматыдағы осы жылы ғана жөндеуден өткен ботаникалық саябақты қиратқан фактілер, Алматы маңында орналасқан Первомайдағы "Қызыл кітапқа" енген лотостарды жұлып алып, Instagram-ға жария ету, сондай-ақ бірегей Көбейтұз көлінен тұз шығару және сату фактілері орын алғаны. Бұл тек бізге белгілі болған жайттар", - деді Мырзағалиев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бас эколог проблемамен күрестің екі жолын айтты.

"Осымен қалай күресеміз. Оның, әрине, екі тәсілі бар. Бірінші, бұл - экологиялық білім беру. Біз халықтың экологиялық ой-санасын өзгертіп, өзіміз үлгі болып, балаларға табиғатқа ұқыпты қарауды үйретуіміз керек. Мысалы, сол қоқыстарды өзімен бірге алып кету, әсіресе, оны өртемеу; балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтуге үйрету, яғни өзіміз табиғат қорғау қызметіне белсене қатысуымыз керек. Ағаштар отырғызып, жан-жануарларды барынша қорғауымыз керек. 

Осының бәрі балалық шақтан басталады. Сондықтан да Мемлекет басшысы Білім, Экология және Ақпарат министрліктеріне балаларға экологиялық пәнді енгізуді тапсырды. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін таңертең өзінің Twitter-аккаунтында да хабарлады.

Екінші, айыппұл салу. Соңғы күндері туристердің лебі көбейгенін байқаймыз. Бірақ олар болған жерлерінде көп қоқыс қалдырды. Бізге жиі қоқыс контейнерлерін орнатуға шақырады, бірақ тәжірибе көрсеткендей, біз неғұрлым көп контейнерлер қойсақ, соғұрлым азаматтар көп қоқыс шашады. Осыған орай біз айыппұл салуға мәжбүрміз. Біз Ішкі істер министрлігімен осы сұрақты пысықтадық. Осы демалыс күндерінен бастап, жағдайды мониторингілеу және бірден жергілікті жерлерде шараларды қабылдау үшін ұлттық парктер мен демалыс саябақтары бойынша рейдтер жүргіземіз, қоқыс тастаушыларға айыппұл саламыз. Рейдтерге бізбен бірге экологтар, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысады. 

Сонымен қатар, бүгін мен Мемлекет басшысымен сөйлестім. Президент табиғатқа зиян тигізген заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл құнын ұлғайту жағын қарастыруды тапсырды. Тек біздің бірлескен күш жігеріміз ғана еліміздің бірегей табиғи байлықтарын сақтауға көмектеседі", - деді ол.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне зиял келтіргендердің ісіне  алаңдады. Осы жазда елордалықтар мен облыс тұрғындары үшін Көбейтұз көлі сүйікті демалыс орнына айналды. Ол жақта түсірілген фотолар әлеуметтік желіде пайдаланушыларды таңғалдырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer