ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 июля 2020 | 18:15

Көбейтұзға көлікпен кірген тұрғын табылды. Күннің басты жаңалықтары

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Көбейтұз көліне көлікпен кірген тұрғын халықтан кешірім сұрап, көлдің тұзын тасығандар анықталды. Сондай-ақ, елде коронавирус жұқтырғандар саны артып, пневмониямен ауруханада жатқандар саны белігілі болды. Tengrinews.kz тілшісі 23 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Көбейтұз көліне көлікпен кірген тұрғын халықтан кешірім сұрап, көлдің тұзын тасығандар анықталды. Сондай-ақ, елде коронавирус жұқтырғандар саны артып, пневмониямен ауруханада жатқандар саны белігілі болды. Tengrinews.kz тілшісі 23 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Тағы 1646 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда соңғы бір тәулікте 1646 адамнан коронавирус табылды. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелген.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 236 / 166
Алматы қаласы - 216 / 103
Шымкент қаласы - 36 / 20
Ақмола облысы - 53 / 29
Ақтөбе облысы - 39 / 17
Алматы облысы - 69 / 32
Атырау облысы - 138 / 97
Шығыс Қазақстан облысы - 210 / 91
Жамбыл облысы - 48 / 23
Батыс Қазақстан облысы - 99 / 55
Қарағанды ​​облысы - 140 / 53
Қостанай облысы - 52 / 25
Қызылорда облысы - 77 / 12
Маңғыстау облысы - 47 / 15
Павлодар облысы - 68 / 18
Солтүстік Қазақстан облысы - 99 / 7
Түркістан облысы - 19 / 15.

Осылайша, Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 76 799-ға жетті. Оның ішінде 48220 науқас аурудан жазылды, 610 адам көз жұмған.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

45 мың қазақстандық пневмониямен ауруханада жатыр

Ал пневмония жұқтырғандар саны қанша? Бүгінде пневмония жұқтырған 45 мың қазақстандық ауруханада жатыр. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.

"Соңғы 20 күнде 63 491 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде, 45 мың адам стационарда ем қабылдап жатыр", - деді Есмағамбетова ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, елімізде жыл басынан бері 234 187 адам пневмонияның әртүрлі түрімен ауырған.

Қапшағай мен Алакөл жабылды

Кеше Алматыдағы Көлсай көлдеріне баруға тыйым салынған болатын. Бүгін тағы екі көл жабылды. Қапшағай мен Алакөл да енді жабық болады.

Үржар ауданының әкіміне, аудандық полиция бөліміне 23 шілдеден бастап демалыс аумағына кіретін жолды жабу және Алакөл көліне апаратын жолға мобильді бекет қою, күн сайын қоғамдық тәртіпті патрульдеу жүктелді.

Көл қашанға дейін жабық болатыны белгісіз. Құжатта шектеу шараларының мерзімі мен режимі аудан аумағындағы коронавирус инфекциясының таралу жағдайына байланысты болатыны хабарланған.


Фото: Юлия Чернявская

Ал Қапшағай курорты карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады.

"Санитарлық-курорттық нысандардың, демалыс үйлерінің, демалыс орындарының жұмысы 25 шілдеден 2 тамызға дейін тоқтатылсын. Демалыс орталығына кіреберіс жерде мобильді бекеттер орнатылсын", - делінген Алматы облысы санитар дәрігерінің міндетін атқарушысының қаулысында.

Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан үкіметі Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді. Мұндай үкімге премьер-министр Асқар Мамин қол қойған.

Гуманитарлық көмек ретінде: ұйықтауға арналған қаптар, қыстық палаткалар, төсек, матрац, жастық тыстары, жастық, көрпеше, күртеше, шалбар мен бас киім жіберіледі. Азық-үлік өнімдерінен: жоғары сорттағы ұн, қарақұмық жармасы, өсімдік майы мен сүт өнімдері жіберіледі.

Үкімет басшысы көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша бірнеше тапсырма берді.

"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы межелі пункттерге дейін тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз етсін", - делінген Маминнің үкімінде.

Көбейтұздан тұз тасығандар мен көлікпен кіргендер анықталды

Соңғы уақытта Көбейтұз жыры тоқтамай тұр. Желіде суы аққызыл көлді тұрғындар "өлтіргенін" айтып, дабыл қаққандар көп. Дәлірек айтқанда, желі қолданушылары көлге көлікпен кірген азаматты және оның тұзын әкетіп, сатып жатқандарды сынға алған.

Полиция Көбейтұз көліне Toyota Land Cruiser көлігімен кірген жүргізушінің кешірім сұраған видеосын жариялады.

"Әрине, менің әрекетім дұрыс болған. Кешірім сұраймын. Мен жаяу да жүре алатын едім, кәрі емеспін, бірақ солай болып қалды. Кешірім сұраймын, әлеуметтік желілерде қатты шу шықты. Шынымды айтсам, мен 40 жастамын, өзім де мұндайды істеймін деп ойламадым", - деді жүргізуші.

Сондай-ақ, полицейлер Көбейтұздан тұз тасығандарды тапты. Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди тұз сатқандар бірнеше бап бойынша жазаланатынын айтты.

Сондай-ақ, ол мұндай тұзды сатып алған адамдар жауапқа тартылмайтынын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer