Бүгін Талдықорғанның жаңа әкімі тағайындалды. Енді өңірді Ержан Жасыбаев басқарады. Ол әкім қызметіне алғаш келіп отыр. Tengrinews.kz тілшісі Талдықорғанның жаңа әкімі туралы мәліметтер жариялайды.
Бүгін Талдықорғанның жаңа әкімі тағайындалды. Енді өңірді Ержан Жасыбаев басқарады. Ол әкім қызметіне алғаш келіп отыр. Tengrinews.kz тілшісі Талдықорғанның жаңа әкімі туралы мәліметтер жариялайды.
Жасыбаев 1965 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Көзтоған ауылында туған. Өскемен жол-құрылыс институтын құрылысшы инженер мамандығы бойынша бітірген. Ал еңбек жолын 24 жасында Жамбыл облысында ҚазССР Автокөлік жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 жол шебері болып бастаған.
Кеңес одағы кезінде Автомобиль жолдары министрлігінде түрлі қызмет атқарған. Тәуелсіздік жылдары да автокөлік жолы саласында көп жыл жұмыс істеген. Әр жылдары Жуалы өндірістік-жол басқармасының бастығы, Көлік және коммуникациялар министрлігі Алматы автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің бас инженері, Алматы облыстық департаменті бастығының орынбасары, директоры, "ҚазАвтоЖол" Жамбыл облыстық филиалының директоры лауазымдарын атқарған.
2014 жылдың қазанынан бері Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған. Ал бүгін Талдықорған әкімі болып тағайындалды. Бұл оның әкім ретіндегі алғашқы қызметі болмақ.
Талдықорған әкімдігі баспасөз қызметінің редакцияға берген мәліметінше, Ержан Жасыбаев үйленген, 4 баласы бар. Сүйікті кітабы - Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы.
Әкім хоббиі жұмысы екенін айтады. Қызметтік көлігі - Kia Quoris.
Жасыбаев Facebook желісінде парақшасы бар. Бірақ ол жақта белсенді емес. Парақшасында 256 досы бар екен. Кейінгі жазбасын 11 қаңтарда жариялаған.
Жалақысы, көлігі, хоббиі. Сіз кімсіз, Түркістан әкімі?
Шардаралық, заңгер, көлігі Toyota. Сіз кімсіз, Арыс әкімі?
Көлігі - Mercedes, жалақысы - 663 мың теңге. Сіз кімсіз, Атырау облысы әкімі?