ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
30 марта 2020 | 12:20

Қонақүйлер мен көлік берілді. Елордада дәрігерлерге қандай көмек беріліп жатыр?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен карантин кезінде дәрігерлерге қандай көмек беріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен карантин кезінде дәрігерлерге қандай көмек беріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгін қаладағы барлық қоғамдық көліктің жүруіне шектеу қойылған, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер жұмысын уақытша тоқтатқан.

Осы орайда ол медицина қызметкерлеріне әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

"Елордадағы медицина қызметкерлеріне қонақүйлер мен көлік берілді. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы стационарларда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болғандармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне жағдай жасау үшін қонақүйлер бөлінді. Қалалық штаб ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, City Transportation Systems компаниясынан 50-ден астам көлік берілді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бахтияр Макен қаладағы емханалар мен ауруханада жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үшін де арнайы көлік ұйымдастырылғанын жеткізді.

"Бұл қызметтердің барлығы тегін", - деді елорда әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, елімізде коронавирусты жұқтырғандардың саны 293-ке жетті. 6 қала карантинге жабылып, Ақтауда ерекше режим енгізілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети