КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
06 ноября 2024 | 09:23

Көне жиһазды қайда лақтырамыз? Қоқыс алаңынан репортаж

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Үйіміздің сәнін келтіріп тұрған жиһаз уақыты жеткенде қоқысқа шығарылады. Онда қанша тарих пен естелік бар. Бірақ адам жаңа нәрсе алуға, көне затын жаңалатуға бейім. Пайдаланылмай қалған немесе сәннен кеткен ескі дүниені әдетте сырттағы қоқыс жәшігіне апарып қоямыз. Бірақ кейін ол қайда жол тартады? Massaget.kz қоқыс полигонына барып, жағдайды көріп қайтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Үйіміздің сәнін келтіріп тұрған жиһаз уақыты жеткенде қоқысқа шығарылады. Онда қанша тарих пен естелік бар. Бірақ адам жаңа нәрсе алуға, көне затын жаңалатуға бейім. Пайдаланылмай қалған немесе сәннен кеткен ескі дүниені әдетте сырттағы қоқыс жәшігіне апарып қоямыз. Бірақ кейін ол қайда жол тартады? Massaget.kz қоқыс полигонына барып, жағдайды көріп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Алматы орталығынан бірнеше шақырым шетте орналасқан бұл полигонның ортасына келіп тұрсаңыз, иіс қолқаны қабады. Мұнда жиналған қоқыстың ұшы-қиыры көрінбейді.

Полигонның аға механигі Азат мырзаның айтуынша, негізінен жиһаз көп әкелінбейді. Ал келген жағдайда кейбіреулері келіп, оны теріп алып, оған тағы бір өмір сыйлауға тырысады.

"Әдетте жиһазды бұл салада жүргендер алып кетеді. Тегін алады, әрине. Бізге де жақсы ғой. Құры жатпайды, негізін қалдырып, поролонды ауыстырып, жаңа зат дайындап шығарады", - дейді ол.

Азат мырзаның айтуынша, күн сайын шамамен 30-40 жүк көлігі келіп, қоқыс тастайды. Көбіне қапқа салынған қоқыс, әдетте бұл - құрылыс материалдары.

"Жиһазды кім қоқысқа лақтырады?! Қазір олардың бағасы да арзан емес. Бай адамдар ғана жаңа нәрсе алады. Ақшасы жетпейтіндер ештеңе лақтырмайды ғой, қоқысқа тастамайды. Олар көне затты қайта жамап алады. Бірде бұрынғы генералдың үйінен қоқысқа тасталған жиһазы келді. Асүй жабдықтары. Тап-таза. Тіпті ашылмаған. Қымбат екені көрініп тұр. Осында жұмыс істейтін бір қызметкер алып кетті. Қазір рахатын көріп жатыр", - дейді ол.

Еске салайық, ірі көлемді қоқыстарға мыналар жатады: жиһаз (дивандар, кереуеттер, шкафтар немесе креслолар және т.б.), тұрмыстық техника (теледидар, тоңазытқыш және т.б.). Ең аз мөлшері - 50-де 50 сантиметр немесе одан да көп. Тіпті осы өлшемдегі тақта да ірі көлемді қоқыс болып саналады.

"Қоқыс жыл сайын көбейіп жатыр. Кез келген зат арифметикалық түрде көбейсе, қоқыс қана геометриялық түрде көбейеді. Халықтың хал-ахуалы артқан сайын, қоқыс та еселенеді. Халық көбейген сайын, қоқыс та көп болады ғой", - дейді Азат мырза.

Бір қызығы, жиналған қоқыс өртелмейді. Бұл полигонда қоқыс көміледі. Қоқыс жиналып, ол жерге көміледі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Суреттер: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer