ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 апреля 2018 | 12:36

"Көпбалалы ана болуды армандайтын". Әріптестері Ақтөбеде қаза болған тележүргізуші жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Айзат Әбдісамат Айзат Әбдісамат

Кеше, 5 сәуірде "Қазақстан-Ақтөбе" (Aqtóbe) телеарнасының журналисі Айзат Әбдісаматтың қапыда қаза тапқаны хабарланған еді. Айзаттың артында жұбайы, 3 жасар қызы қалды. Әріптестері марқұм жайлы естеліктерін айтып, көңіл айтып жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 5 сәуірде "Қазақстан-Ақтөбе" (Aqtóbe) телеарнасының журналисі Айзат Әбдісаматтың қапыда қаза тапқаны хабарланған еді. Айзаттың артында жұбайы, 3 жасар қызы қалды. Әріптестері марқұм жайлы естеліктерін айтып, көңіл айтып жатыр.

Телеарна өкілдерінің айтуынша, Айзат қалың көрерменге "Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының жүргізушісі ретінде танылған. Ол - Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі екен. Еңбек осы арнада бастаған. "Балдәурен" балалар бағдарламасына жетекшілік етіп, өңірдің дарынды бөбектерінің талантын шыңдап, телевизиялық жобалар дайындады. Талай танымдық бағдарламалардың тізгінін ұстап, телевизия саласында талмай еңбек етті. 

"Мінезі жібектей, жүзі де, көзі де күліп тұратын әріптесіміздің арманы көп болатын. Айзат көпбалалы ана боламын деп жиі айтатын еді деп еске алдық бүгін. Айзаттың қазасына орай, Ақтөбе телеарнасының ұжымы оның ата-анасына, бауырлары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады", - деп көңіл білдірді әріптестері. 

Белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей бұл оқиғаға жол берген кінәлілер жауапкершілікке тартылуы тиіс екенін айтты. 

"Әріптесіміз, "Қазақстан Ақтөбе" телеарнасының жүргізушісі Айзат Әбдісаматтың қазасынан есеңгіреп қалдым. Айзаттың отбасына, жарына, ата-анасына, барлық жақын туысына қайғырып көңіл айтамын. Иманды болсын, қызыңыз... Жаны жәннатта болсын. Отбасылық өмірден, баладан өмірдің жаймашуақ кезеңін бастап өткеріп жатқан қыз мерт болды. Кісі өлтіруші лифті бар үйлерді салатындардың барлығын жазалау қажет. Басқа сөзім жоқ, топырағың торқа болсын... Айзат....", - деп жазды Айгүл Мүкей Instagram желісінде.

Айзатпен бірге тележүргізуші болып қызмет еткен Қонысбек Терекұлы оның телеарнаға алғаш қадам басқан сәтіне куә болғанын жазыпты. 

"Бүгінгі естіген мына қаралы xабар қабырғамды қайыстырды. Жүрегім езіліп, еңсем түсіп отыр. Жас қой, ажалға қайтіп қиярсың. "Айзат қайтыс болыпты" деп естігенде сенбедім. Мүмкін емес дей беріппін. Таяуда ғана әлеуметтік желіде сөйлескен едік. Көп әңгіме айтып, өткен күндерді еске алдық. Телеарнаға қайта оралып, көрерменмен қауышқысы келетінін айтқан... Жұмыстан кішкентай қызына алаңдап, шығып кеткен еді... Балажан еді тым... Ақжарқын еді ғой... Өсек сөзбен аузын былғамайтын... Ғайбат қылсаң біреуді, "қоя берші, қайтесің" деп қайыратын еді ғой ол. Мінезі жұмсақ, жібектей еді. Жүзі де көзі де күліп тұратын. ҚазМУ-дің журналистикасын бітірген бойда бізге жұмысқа келген. Алғаш, "Қайырлы таң, Ақтөбеге" менімен бірге шығып, эфирде тұсауын кескен де өзім едім. Құрбы деп сыйлап, жерлес деп іш тартып, етене жақын болып кетіп ек. Ұзатылғанда дүркіретіп арнаның бір топ жастары тойына барған едік. Кейін, мен үйленгенде Шалқарға жазда шіліңгір шілденің ыстығында екі айлық баласымен тойыма келген. "Сенің тойыңа келіп, тілек қоспауды ұят көрдім" деген еді. Қыз тілектестігін білдірді. Жаны жайсаң қыз өмірге құштар, көпшіл, достыққа адал еді. Жасын ғұмыр-ай. Ауырмады да, қапы да айырылдық. Құрып кеткір, лифтіден болыпты ажалы. Кеше кешкілік күйеуін жұмыстан қарсы алайын деп шығып кетіп-ті. Ажалы айдап барған ғой. Күйеуіне деген соңғы құрметі шығар. Азаматынан әркез төмен еді, керемет сыйлайтын. Барған жеріне жаққан келін еді. Онысын үнемі мақтап айтып отыратынбыз. Кім білген, тіл-көз өті ме екен... Қызына алаң ана келмеске кетті-ау. Жігіт басыммен жоқтағаным әбес шығар. Айып көрме, ел. Жүрегім тілім-тілім. Сен туралы естеліктер көп. Қайсысын айтып тауысайын. Жақсы адам боп жүргеніңде жақсыны керек еткен екен, Жаратқан. Құдайға кім қарсы келер. Тағдырың 28-ңе жеткізіп, тәмам қылды. Жаным-ай, алтыным-ай, егіліп отырмын, әлі. Жарқын жүзің жүрегімде. Жадымда. Сенің аяулы кейіпіңді адалдықтың, достықтың белгісі деп сақтадым. Көрерменің АЙЗАТ ӘБДІСАМАТ деп жаттады есіміңді. Бақұл бол, құрбы. Алдыңнан жарылқасын", - деді Терекұлы.

Тағы бір әріптесі Ақниет Тұрғанова есеңгіреп қалғанын айтады. 

"Айтып келмейтін ажалдың құрбаны болған, Жүзі жарқын, Айзат Әбдісамат әріптесімізден қапыда айырылып қалдық. Кішкентай Іңкәріңді кімге тастап кеттің? Сол лифтте тұрып суретке түскіш едің, ажалың содан болды-ау... Алла алдыңнан жарылқап, отбасыңа, анаң мен бауырыңа сабыр берсін! Таңертең естіп, есеңгіреп әрең отырмын. Күллі Ақтөбе арнасының ұжымына ортақ қайғы, иманды болсын!", - дейді ол.

Осыған дейін келіншектің өліміне қатысты тергеу басталғаны хабарланған еді.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабының 2-бөлігі бойынша ("Сапасыз салынған құрылыс") сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлаған болатын Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, оқиға 4 сәуірде 12-ықшамаудандағы №19 үйде болған. Әйелдің лифтке 3 жастағы баласымен кіргені айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, ол лифт кабинасына толықтай кіріп үлгермеген. Әйел кірер кезде лифт есігі жабылып, бірден жүріп кеткен. Осыдан оның аяғы жұлынып кетіп, мерт болған. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer