ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 ноября 2019 | 13:23

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар: кімге және қанша беріледі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Елімізде көпбалалы аналарға бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жөргекпұлдан бөлек, әр балаға ай сайын жәрдемақы төленіп, барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында 365 миллиард теңге бөлінді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырған болатын. Tengrinews.kz редакциясы қазақстандық көпбалалы аналардың бүгінге дейін осы көмек жайлы білуі тиіс мәліметтерді ұсынады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде көпбалалы аналарға бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жөргекпұлдан бөлек, әр балаға ай сайын жәрдемақы төленіп, барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында 365 миллиард теңге бөлінді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырған болатын. Tengrinews.kz редакциясы қазақстандық көпбалалы аналардың бүгінге дейін осы көмек жайлы білуі тиіс мәліметтерді ұсынады.

Көпбалалы аналарға қандай көмек түрлері қарастырылған?

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 1-бабы бойынша, көпбалалы отбасылардың тізіміне кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы бар (оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар) отбасылар кіреді.

Олардың барлығына қолдаудың кешенді моделі құрылған. Оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту шаралары, салық салу жеңілдіктері бар.

Бүгінде әлеуметтік көмек отбасылардың 5 санаты бойынша беріледі:

- Бір жасқа дейінгі баласы бар аналар мен отбасыларға;
- Көпбалалы отбасыларға;
- Мүгедек баласы бар отбасыларға;
- Аз қамтылған отбасыларға;
- Асыраушысынан айырылған және бала асырап алған немесе қамқорына алған отбасыларға.

Барлық әлеуметтік төлем жыл сайын инфляция деңгейінде белгіленеді. Бала туған кезде бір реттік жәрдемақы қарастырылған. Оның көлемі бала туу санына қарай бекітілген.

Екінші, үшінші баланы туғанда берілетін жәрдемақы қандай?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы бірінші, екінші, үшінші баланы туғанда берілетін жәрдемақы көлемі 95 950 теңге болды, ал төртінші және одан көп бала туғанда 159 075 теңге берілді.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, соңғы үш жылда жәрдемақының көлемі 38 пайызға өсті. 2018 жылдың қортындысы бойынша, осы санаттағы отбасыларын қолдауға берілетін жәрдемақыға 40,7 миллаирд теңге бөлінген. Осы жәрдемақыны барлығы 395 мың адам алды.

Онымен қоса, елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік қолдау қарастырылған. Мұндай мүмкіндік жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де аналарға беріледі екен. Анасы жұмыс істемеген болса, бала туғаннан кейін оған 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы беріледі. Ол бір жыл бойы ай сайын беріледі. Ал ай сайын алатын жәрдемақы көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңгеге дейін жетеді.

Анасы жұмыс істеген болса, оған да әлеуметтік төлемдер беріліп тұрады. Оған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік жәрдемақы беріледі.

Әр елде бала туғанда берілетін жәрдемақы қандай?


© Тұрар Қазанғапов

Атаулы әлеуметтік көмек деген не?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда үш түрлі арнайы мемлекеттік жәрдемақының орнына атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төленеді.

Бұрын әр мүшесінің табысы күнкөріс минимумының 40 пайызынан төмен болатын отбасылар 18 жасқа толмаған балаларға жәрдемақы; аз қамтылған отбасыларға арналған жәрдемақы; аз қамтылған үй шаруасындағы әйелдерге берілетін әлеуметтік көмек алуға құқылы болды. Енді жәрдемақының бұл үш түрі атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) біріктірілген.

АӘК қалай төленеді?

Егер отбасының жалпы табысы барлық мүшелерге бөлген кезде 29,698 теңге болатын күнкөріс минимумының 50 пайызына жетпесе, яғни, олар кедейлік шегінен төмен (14 849 теңге) болса, АӘК тағайындалады.

Мысалы, отбасында 6 адам (4 бала), жалпы табысы 100 000 теңге. 100000/6 =16 666; бұл сома кедейлік шегінен асып кетеді, бұл отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды.

Немесе

8 адамнан тұратын отбасы (6 бала), жалпы табысы 80 000 теңге. 80000/8 = 10 000;

14 849 - 10 000 = 4849;

4849х 8 = 38 792 - бұл отбасы үшін ай сайынғы АӘК осындай.

"Көпбалалы аналарға 500 мың теңге". Жұртты әуре-сарсаңға салған фейк-ақпараттар

"Алтын алқа" және "Күміс алқа" иелеріне қандай көмек бар?

"Алтын алқа" жетінші сәби бір жасқа толған кезде және алты баласы тірі болған жағдайда ғана беріледі.

Сондай-ақ, егер олардың бірі Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар есепке алынады.

Алты баласы бар аналарға "Күміс алқа" беріледі. Заң бойынша, оларға мынадай жеңілдіктер қарастырылған:

- көлік және жер салығынан;

- мекен-жайын тіркеу, төлқұжат және жеке бас куәлігін беру кезінде нотариаттық және заңдық маңызды іс-әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баждардан босатылады.

"Алтын алқа" және "Күміс алқа" иелеріне тегін дәрі-дәрмек беріле ме?

"Алтын алқа", "Күміс алқа" иерлеріне тегін дәрі-дәрмектер төмендегідей аурулар анықталған жағдайда беріледі:

Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА);
Артериялық гипертензия;
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ), оның ішінде дилатациялыкардиомиопатия;
Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы;
Остеоартроз.

Тұрақты тіркеуде тұрмағандар жәрдемақыны ала алмайды

ҚР президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Аида Балаеваның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеуде тұруы керек. Егер отбасының ешқандай да тұрғылықты мекен-жай тіркеуі болмаса, онда олар жалдап тұрып жатқан үй иесінен өздерін тіркеуге алуын талап етуі тиіс. Заңға сәйкес, үйін жалға беретін меншік иелері пәтерін жалдаушылардың барлығын тіркеуге тұрғызуға міндетті. Уақытша болсын, тұрақты болсын тіркеу жасауы тиіс дейді.

Заң бойынша пәтерін жалға беретін тұрғын үй иелері салық төлеуге міндетті болғандықтан, ешкімді пәтеріне тіркеуге тұрғызғысы келмейді. Кейбір пәтер жалдаушылар да бір-екі ай ғана тұратын болуы мүмкін. Үй қожайындары осындай әуре сарсаңнан бастарын алып қашқысы келетіні айдан анық. Бірақ, пәтерін жалға беретіндер тіркеуден бас тартса, онда бірден полицияға немесе әкімдікке шағым түсірген жөн дейді.

Декретке шыққанда миллион алу үшін не істеу керек - Кәсібі бар әйелдерге кеңес


Әлеуметтік пакеттер

Биыл қазанда өткен үкімет отырыстарының бірінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа жылдан бастап табысы аз және көпбалалы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына арналған әлеуметтік пакет жасалатынын мәлімдеді.

Әлеуметтік пакетте балалардың тамақтануы, гигиеналық заттар, балалардың ой-қимыл жүйесін дамытқыш құралдар бар. Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп формасы, жолақысы төленіп, мектепте тегін тамақ беріледі. Табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекет кепіл берген тегін медициналық көмек көрсетіледі.

Енді не өзгереді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны табысына қарамай төлеуді ұсынған болатын. Бірақ бұл үшін көпбалалы отбасыларды атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатарынан шығару қажет екен.

"Біз көпбалалы аналардың мәртебесін көтеріп, әл-ауқатын жақсартуды көздеп отырмыз. Мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі 42 500 теңгеден 73 370 теңгеге дейін сараланған мөлшерде тағайындалады", - деген еді министр Нұрымбетов.

Айта кетейік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірледі. Заң жобасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда 340 мыңнан көпбалалы отбасы бар. Ал ол отбасыларда бір жарым миллионға жуық бала тәрбиеленеді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer