КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
10 марта 2020 | 16:31

Көппәтерлі үйдің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылды

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фотоколлаж ©Tengrinews.kz Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістің қаржы және бюджет комитетінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды.

Отырыста ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев бұл құжатта қарапайым қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық бар екенін атап өтті.

Оның айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты - инвестициялық ахуалды ынталандыру, бизнес ортаны дамыту, салықтық әкімшілендіруді жақсарту.

"Мен қарапайым азаматтарға қызықты өзгерістер бар екенін айтқым келеді. Заңдағы бірінші өзгеріс жеке тұлғаларларға салық салуды жақсарту болып саналады. Біріншіден, жеке тұлғаларларға арналған мүлік және жер салығын бірыңғай төлемге біріктіру ұсынылып отыр. Екіншіден, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері жер салығын алып тастау бар", - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол үшіншіден, халыққа ыңғайлы болу үшін көлікке салынатын салықтың мерзімін өзгерту ұсынылып отырғанын жеткізді.

"Қазіргі таңда адамдар бұл салықты жылдың соңында төлеп жүр. Енді келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу ұсынылып отыр. Төртіншіден, жеке тұлғалар үшін жеңілдіктерден материалдық пайданы алып тастау. Мысалы, тұрмыстық техниканы және тағы басқа сатып алғанда қазір бонустар беріледі. Оны кейін пайдалануға болады. Ал біз бұған жеке табыс салығын салдырмауды көздеп отырмыз", - деді Мәди Такиев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer