ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 марта 2020 | 18:31

Қордайдағы жағдай: жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 25 адам ұсталды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Жамбыл облысы, Алматы және Шымкент қалаларында жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысушыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы, Алматы және Шымкент қалаларында жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысушыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Жамбыл облысы, Алматы және Шымкент қалаларында жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысушыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Оның нәтижесінде 25 адам ұсталды. Олардың ішінде қазақтар, дүнгендер және қырғыздар бар. Оның 7-еуі бұрын сотталған. Істердің тергелуі жалғасуда және біздің ерекше бақылауымызда. Барлық процессуалдық шешімдер заңнаманың қатаң сәйкестігіне сай қабылдануда. Жиналған дәлелдемелерге бізбен тиянақты талдау жүргізілді. Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың әрбірінің рөліне баға берілуде ", - деді Ерлік Кененбаев.

Спикер қазақстандықтарға жалған мәлімет таратпауды сұрады және ол үшін қылмыстық іс қозғалатынын ескертті.

"Осы жағдайды пайдалана отырып, отандастырымызға айтарым. Құрметті қазақстандықтар, сіздерді қылмыстық істердің тергелу барысын тек ресми дереккөздеріне ғана сенім артуды, әртүрлі арандатушылар берілмеуді сұраймын. Жалған мәліметтерді таратуға және жолдауға жол бермеу қажет. Сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеу жүргізуге кедергі жасағаны үшін ҚР ҚК 407-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіремін", - деді ведомство өкілі.

"Бүгін толық сеніммен Қордайдағы жағдай тұрақты деп айта аламын ", - деп түйіндеді сөзін Бас прокурордың орынбасары.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer