КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
05 марта 2024 | 08:59

"Қорқамыз". Алматыда көп қабатты тұрғын үйдің қабырғасы құлайын деп тұр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде құрылыс компанияларының былықтары ашыла бастады. Әлеуметтік желіде Жетісу ауданы, Көкжиек шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасы сөгілгені туралы ақпарат тарады. Бейнежазбадан балконның қасындағы үйдің қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұрғанын аңғару қиын емес. Бұл олқылық жер сілкінісінен кейін орын алды ма? Қабырғасы құлағалы тұрған тұрғын үй қашан салынған? Бұқараның қорқынышы қандай? Massaget.kz тілшісі оқиға орнына барып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде құрылыс компанияларының былықтары ашыла бастады. Әлеуметтік желіде Жетісу ауданы, Көкжиек шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасы сөгілгені туралы ақпарат тарады. Бейнежазбадан балконның қасындағы үйдің қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұрғанын аңғару қиын емес. Бұл олқылық жер сілкінісінен кейін орын алды ма? Қабырғасы құлағалы тұрған тұрғын үй қашан салынған? Бұқараның қорқынышы қандай? Massaget.kz тілшісі оқиға орнына барып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Магнитудасы 5,4 балды жер сілкінісі миллиондаған адамның зәресін алды. Тұрғын үйлердің құлаған қасбеттері мен сөгілген қабырғалары таспаланған кадрлар желіде желдей есті. Соның бірі Көкжиектегі №42-тұрғын үй. Қабырғасы балконнан ажырап, арасы арсиған орынды қызыл лентамен қоршап қойыпты.

Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Сырт көзге апатты болып көрінген тұрғын үйдегі бұқарамен тілдесіп көрдік. Айтуларынша әкімдік өкілдері тек жер сілкінгенде ғана келетін көрінеді. Кішкентай балалары бар отбасы қорқынышын да жасырмады.

Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

"Қабырғасы сөгіліп тұрғаны іштен қатты байқалмайды. Бірақ бірінші жер сілкінісінен кейін ішке жел гулеп тұрады. Қыста салқын. Қазіргі уақытта балконның іші сөгіле бастады. Кішкентай балалар болғандықтан бұл жағдай бізді қатты алаңдатады, қорқамыз. Әкімдік өкілдері бірінші жер сілкінісі кезінде келген болатын. Содан кейін тек бүгін келді. Телефонға ішкі бетінен суретке түсіріп беруімді сұрады", - дейді Әсем есімді пәтер тұрғыны.


Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Оқиға орнына барғанымыз сол еді әкімдік өкілдерін кездестірдік. Жауаптылар бұл ғимараттың қабырғасы бұған дейін де осындай жағдайда болғанын айтты. Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін тұрғындармен келіссөздер жүргізіліп жатыр екен.


Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

"Біз бұл үйдегі қаптаманың құлауына орай алдыңғы жер сілкінісі кезінде, яғни 23 қаңтар күні тексеріс жұмыстарын жүргізген болатынбыз. ТЖД, Полиция өкілдері, ГАСК және Архитектура басқармасы өкілдері барлығы келген. Сол кезде бұл ақау жер сілкінісіне дейін болғандығы анықталды. Ғылыми зерттеу институты тексеріс жұмыстарын жүргізді. Мұны жөндеу жұмыстарын Пәтер иелері кооперативімен бірге тұрғындармен жиналыс өткіздік. Ендігі кезекте Алматы тұрғын үйден "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы ешқандай үстемесіз қайтарымды кредит беру, яғни ақша бөлу қарастырылған. Егер тұрғындар келіссе осы бағдарламаның негізінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Ал егер келіспеген жағдайда тұрғындардың қаржысы есебінен жөнделеді", - деді Жетісу ауданы әкімі аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрдәулет Қалдаров.

Сондай-ақ әкімдік өкілдері бірінші қабатта тұрып жатқан тұрғындарға төніп тұрған қауіптің жоқ екенін жеткізді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer