"Қорқамыз дейді". Назарбаев шындықты бұрмалайтын арналар жайлы айтты

21 Тамыз, 13:27
0
"Қорқамыз дейді". Назарбаев шындықты бұрмалайтын арналар жайлы айтты - Нұрсұлтан Назарбаев. © Валерий Мельников/РИА Новости
Нұрсұлтан Назарбаев. © Валерий Мельников/РИА Новости

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ақпараттық-идеологиялық саясат туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде медиада шындықты бұрмалайтын жаңа арналардың саны артып келе жатыр. Қандай да бір мәліметті жұрт алдына шығарып, оның рас-өтірігін өздерің анықтаңдар деп тастай салады. Партияның түгелдей бір медиатобы бар, онда телевизиялық арналар, газеттер бар. Олар үндемей отыр. Орталық ақпарат арналарымыз үнсіз отыр. "Қорқамыз" дейді", - деп пікір білдірді Елбасы.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент "төле, төлемесең сен жайлы мақала жазамын" дейтіндер туралы айтты.

"Бұрын келіп алып, "Төле, төлемесең сен жайлы мақала жазамын" дейтіндерді жазалайтын едім. Ал қазір керісінше телефон құқығы, редакторларды қорқытып, "Егер жарияласаң, сені біреулер арқылы орныңнан алып тастаймын" дейтін болыпты. Бұл жайында естідік, тапсырма да бердік. Енді осындай жағдай қайталанса, қызметінен босатамыз. Кім болса да", - деп ескертті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Айта кетейік, елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Шараға Тұңғыш Президент - партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Парламент депутаттары мен саяси бюро мүшелері қатысып жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц