КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
16 июня 2020 | 17:54

Коронавирус: аурудың жеңіл формасы қандай және ол байқалса не істеу керек?

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрі міндетін уақытша атқарушы Ләззат Ақтаева COVID-19 вирусының жеңіл формасы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі міндетін уақытша атқарушы Ләззат Ақтаева COVID-19 вирусының жеңіл формасы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен ол коронавирус инфекциясы жеңіл, орташа ауыр және ауыр деп бөлінетінін атап өтті. Оның айтуынша, үйдегі бақылауда симптомсыз және жеңіл формасы байқалған науқастар болады.

"Аурудың жеңіл формасының белгілеріне тоқталайын. Біріншіден, науқас демалғанда қиналмауы әрі ентікпесі болмауы қажет. Тыныс алу жиілігі 1 минутта 24 тыныс қозғалысынан кем болмауы шарт. Дене қызуы қалыпты немесе 38 градустан жоғары болмауы керек. Сонымен қатар, тамақтың қызаруы, жыбырлауы, мұрынның бітелуі, жөтел, 1 минутта тамыр соғысы 80-нен аспауы керек", - дейді министрдің міндетін уақытша атқарушы Facebook желісінде өткен брифингте.

Ләззат Ақтаева бұл белгілерді науқастардың өздері де бақылай алатынын жеткізді. 

Сондай-ақ, ол қандай жағдайда үйде емделуге болмайтынын түсіндірді.

"Егер ентікпе пайда болып, тыныс алу жиілігі 1 минутта 24 тыныс қозғалысынан асса, дене қызуы 38 градустан жоғары болса, науқас үйде емделмеуі керек. Сонымен қатар, науқаста уланудың белгілері байқалса, яғни басы ауырса, терлей берсе, өзін әлсіз сезінсе, тәбеті төмендесе, бұлшықеті ауырса, жөтелсе, әрең дамалса, құсса, денесінде бөртпе пайда болса, бұл оның денсаулығы нашарлағанын білдіреді. Мұндай жағдайда ол үйде болмауы қажет. Науқас инфекциялық ауруханаға жатқызылуы тиіс", - деп түйіндеді сөзін басшы.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 15 192-ге жетті. 9 388 науқас дертінен айықты, 81 адам қайтыс болды. Ал симптомсыз науқастардың саны 5 492 болды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer