ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 марта 2020 | 22:18

Коронавирус: Діни басқарма мешіттерде жұма намаз оқуға қатысты пәтуа шығарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Еліміздің мешіттерінде намаз оқу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы төтенше жағдай жарияланған кезде мешітте жұма және бес уақыт намаз оқуға қатысты пәтуасында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі басқарма сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің мешіттерінде намаз оқу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы төтенше жағдай жарияланған кезде мешітте жұма және бес уақыт намаз оқуға қатысты пәтуасында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі басқарма сайтына сілтеме жасап.

ҚМБД өкілдерінің айтуынша, ислам діні кейбір ғибадаттарды қауіпті жағдайларда уақытша тоқтатуға рұқсат береді. Мысалы, адамның өміріне, денсаулығына, мал-мүлкіне, бала-шағасы мен отбасы мүшелеріне әлдебір залал тиетін болса, шариғатымыз оның мешітке келіп, бес уақыт намазды жамағатпен оқуын, тіпті жұма намазға қатысуын міндеттемейді.

"Біріншіден, мемлекет тарапынан елде төтенше жағдай жариялануына және індеттің таралу қаупі жоғары болуына байланысты мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды. Әркім өз үйінде жұма намаздың орнына бесін намазын өтейді. Екіншіден, мешіттер жабылмайды, бес уақыт намазға азан шақырылады, алайда бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайды" , - делінген пәтуада.

Үшіншіден, мешіт жанындағы асханаларда өтетін құдайы ас, садақалар (жетісі, қырқы, жылы т.б. дәстүрлі кәделер) уақытша тоқтатылады екен. Ал төртіншіден, жаназа намазын тек жақын туыстарымен, яғни аз топпен өткізгені дұрыс екені айтылады.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын сабыр сақтауға, орынсыз үрейленбеуге, халықты дүрліктірмеуге және Алла Тағалаға дұға етуге шақырады", - дейді ҚМБД өкілдері.

Еске салайық, бүгіннен бастап елімізде COVID-19 коронавирусы на байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемді шарпыған жұқпалы дертті пандемия деп жариялаған. Бүгінде Қазақстанда 10 адам коронавирус жұқтырған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer