Коронавирус жұқтырғандардың өсімі ай ішінде 4,5 пайыз болды - вице-министр

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырғандардың өсімі ай ішінде 4,5 пайыз болды - вице-министр Фото: elements.envato.com

Соңғы айда COVID-19  инфекциясын жұқтырған пациенттердің ең жоғарғы өсімі халық көп орналасқан және ірі өнеркәсіптік қалалардың тұрғындары арасында тіркелген. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Соңғы айда COVID-19  инфекциясын жұқтырған пациенттердің ең жоғарғы өсімі халық көп орналасқан және ірі өнеркәсіптік қалалардың тұрғындары арасында тіркелген. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, облыстарда коронавирус жұқтырғандардың өсімі 2 пайыздан 8 пайызға дейін көтеріліп жатыр. 

"Көптеген елде инфекция таралуының екінші толқыны жүріп жатыр. Елімізде күн сайын COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп келеді. Тіркелген жағдайлардың орташа өсімі бір айдың ішінде 4,5 пайызды құрады. Облыстарда өсім 2 пайыздан 8 пайызға дейін көтеріліп жатыр. Күніне орташа есеппен 1,5 мың адам ауырады. Осы күнге дейін ауруханаларда 200 науқас көз жұмды. Қазір ауруханаларда COVID-19  пневмониясымен ауырған 8,5 мың науқас емделіп жатыр.

Соңғы айда COVID-19  инфекциясымен ауырған пациенттердің ең жоғарғы өсімі халық көп орналасқан және ірі өнеркәсіптік: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларының тұрғындары арасында тіркелген. Мысалы, жеке адамдар арасындағы инфекцияның ең жоғарғы өсімі Атырау, Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облысында, Алматы қаласында байқалады", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингте.

Сондай-ақ маманның айтуынша, а уру таралуының әрбір облыстың өз ерекшелігі бар.

"Пациенттердің медициналық кезінде қиындық туындау себептері де әртүрлі. Нұр-Сұлтанда азаматтар сырқаттануына байланысты медициналық ұйымдарға өздігінен көп жүгінеді және ол еліміз бойынша өлім жағдайлар санының үштен бір бөлігін құрап отыр", - деді вице-министр.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 44075-ке жетті. 14 777 науқас аурудан жазылды, 188 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 479.29   550.69   5.85 

 

Погода

Алматы
А
Алматы 1
Астана -5
Актау 9
Актобе -3
Атырау 5
Б
Балхаш -4
Ж
Жезказган -9
К
Караганда -2
Кокшетау -5
Костанай 2
Кызылорда -7
П
Павлодар -3
Петропавловск -10
С
Семей -3
Т
Талдыкорган 1
Тараз 3
Туркестан -1
У
Уральск -7
Усть-Каменогорск 7
Ш
Шымкент -3

 

Редакция Реклама
Социальные сети