ПОДЕЛИТЬСЯ
19 августа 2020 | 16:18
Коронавирус қай елдерде қайта өршіп жатыр?
Қазақстанда карантин талабы біртіндеп жеңілдегенімен, жаһандағы коронавирусқа байланысты жағдай тұрақты болмай тұр. Өткен тәулікте әлемде 178 075 адам коронавирус жұқтырды. Ғалымдар Жапонияда COVID-19 вирусының үшінші толқыны болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Tengrinews.kz тілшісі індет қайта өрши бастаған елдерге шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда карантин талабы біртіндеп жеңілдегенімен, жаһандағы коронавирусқа байланысты жағдай тұрақты болмай тұр. Өткен тәулікте әлемде 178 075 адам коронавирус жұқтырды. Ғалымдар Жапонияда COVID-19 вирусының үшінші толқыны болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Tengrinews.kz тілшісі індет қайта өрши бастаған елдерге шолу жасады.
Бүгінде Жапонияда COVID-19 вирусын жұқтырудың 58,5 мыңнан аса дерегі тіркелген. 43 мыңға жуық науқас дертінен айыққан, 1148 адам аурудан қайтыс болды. Ал 243 науқастың жағдайы өте ауыр.
Жапониялық ғалымдар елде коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін екенін мәлімдеп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.
"Қазіргі таңда біз коронавирустың екінші толқынының ортасында тұрмыз. Жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыру керек. Жапонияда және елдің астанасы Токиода вирус өршіп тұр. Сондықтан жағдайды бақылауда ұстаған жөн. Болжам бойынша, осыдан кейін коронавирустың екінші және үшінші толқыны болуы мүмкін. Бізге коронивирус жағдайындағы өмірге үйрене беру керек", - деді Жапония инфекционистер қоғамының төрағасы Кадзухиро Татэде NHK телеарнасына берген сұқбатында.
Індет қай елдерде өрши бастады?
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, қазіргі таңда әлемде 22 миллион 107 мың 805 адам коронавирус жұқтырған. 14 миллион 45 мың 610 науқас жазылса, 780 мың 908 адам аурудан көз жұмды.
Сондай-ақ, университет картасынан төмендегі елдерде індет өршіп тұрғанын көруге болады:
АҚШ - 5 482 416 дерек (өткен тәулікте 44 091 адам коронавирус жұқтырған); Бразилия - 3 407 354 дерек (өткен тәулікте 47 784 адам коронавирус жұқтырған); Үндістан - 2 767 253 дерек (өткен тәулікте 64 572 адам коронавирус жұқтырған); Ресей - 930 276 дерек (өткен тәулікте 4 718 адам коронавирус жұқтырған); Оңтүстік Африка Республикасы - 592 144 дерек (өткен тәулікте 2 258 адам коронавирус жұқтырған); Перу - 541 493 дерек (өткен тәулікте 5 547 адам коронавирус жұқтырған); Мексика - 531 239 дерек (өткен тәулікте 5 506 адам коронавирус жұқтырған); Колумбия - 489 122 дерек (өткен тәулікте 12 462 адам коронавирус жұқтырған); Чили - 388 855 дерек (өткен тәулікте 1 353 адам коронавирус жұқтырған); Испания - 364 196 дерек (өткен тәулікте 5 114 адам коронавирус жұқтырған); Иран - 347 835 дерек (өткен тәулікте 16 361 адам коронавирус жұқтырған).Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты жағдай өршіп тұрғаны рас па?
"ДДҰ қауіптеніп отыр"
Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) инфекция қайтпаса да кей елдердің карантин талабын жұмсарта бастағанынан қауіптетінін мәлімдеді.
Сарапшылар жаппай тестілеу мен карантинде отырғандармен байланысты болғандарды қадағалаусыз карантин шараларын жұмсарту коронавирустың жаңа толқынына әкеп соғуы мүмкін деп санайды.
"Адамдар бір-бірімен тығыз байланыста болса, инфекция тоқтамайды"
Коронавирустың жаңа толқыны жайлы қауіп Оңтүстік Кореяда пайда болды. Мұнда мамырда коронавирус таралуы бәсеңдегенімен, 22 маусымда Сеул мен оның шеткі аймақтарында індет қайта өрши бастаған. Корея билігінің мәліметінше, қайта ашылған түнгі клубтар вирус ошағына айналған.
"Алғашында коронавирустың екінші толқыны күзде не көктемде болады деп болжадық. Бірақ біздің болжам қате болып шықты. Бізде адамдар бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан инфекцияның тарауы тоқтамайды деген тұжырымға келдік", - дейді ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Чон Ын Ген.
Коронавирус: әлем қалыпты өмірге қашан оралады?
Бүгінде Оңтүстік Кореяда 16 058 адам COVID-19 (өткен тәулікте 297 адам коронавирус жұқтырған) жұқтырған. 14 006 науқас айыққа, 306 адам аурудан қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также