ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 июня 2020 | 12:24

Коронавирус: оқшауланған шенеуніктер кім?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 15 мыңнан асты. Оның ішінде 9,3 мыңы аурудан айыққан. Жалпы 81 адам қайтыс болған. COVID-19 жұқтырғандардың ішінде шенеуніктер де бар. Оқшаулану режиміне көшкен шенеуніктер туралы не белгілі? Бұл туралы Tеngrinews.kz тілшісі материалында. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 15 мыңнан асты. Оның ішінде 9,3 мыңы аурудан айыққан. Жалпы 81 адам қайтыс болған. COVID-19 жұқтырғандардың ішінде шенеуніктер де бар. Оқшаулану режиміне көшкен шенеуніктер туралы не белгілі? Бұл туралы Tеngrinews.kz тілшісі материалында. 

Аймағамбетов пен Сапарбаев

12 маусымда Асқар Мамин жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барған болатын. Осы кездесуде болған білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 15 маусымда коронавирусты анықтауға тест тапсырғаны белгілі болды. Аймағамбетов тапсырған тесттің нәтижесі теріс болып шыққан. Бүгінде министрдің жағдайы жақсы. Дегенмен ол оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп жатқан көрінеді. Хаттамаға сәйкес біршама уақыттан кейін ол қайтадан тест тапсырады.

Жамбыл облысының басшысы да тапсырған тест нәтижесі теріс болып шыққан. Әкім оқшауланып, видеобайланыс арқылы жұмыс істеп жатыр екен.

12 маусымдағы жұмыс сапары. Елжан Біртанов, Асхат Аймағамбетов, Асқар Мамин, Бердібек Сапарбаев 

Елжан Біртанов

Кездесуде болған тағы бір министр - денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында 14 маусымда хабарлады. Біртановтың айтуынша, коронавиусты анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Министр COVID-19-дың белгілері бар болғандықтан жұқпалы ауруханаға жатқызылған.

"Барлық санитарлық шараны қатаң сақтағаныма қарамастан, әрдайым қауіп-қатер бар. Бұл әсіресе жұмыс істейтіндерге қатысты, қашықтан жұмыс істей алмайтындарға. Соңғы күндері бірқатар өңірде, оның ішінде кәсіпкерлер, кәсіпорын, медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері арасында вирус жұқтырғандардың өсімі байқалады. Қазір көптеген азаматымыз Қазақстанда жаһандық дағдарыс пен пандемияның салдарына байланысты проблемаларды шешу үшін қарқынды жұмыс істеп жатыр. Жиі жеке кездесулерге барып, аймақтарға шығу қажет болады, сондықтан бізде COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары", - деп ескертті ол.

Сондықтан Елжан Біртанов қазақстандықтарды карантин режимін сақтауды сұрады.

"Баршаңыздан "жеке карантинді" сақтауды сұраймын. Достар, вирус жұқтырудың алдын алу бойынша ұсыныстарды ұстаныңыз. Әлсіздік, бас ауыруы, тамақ қышуы, дене қызуы сынды вирустың ерте симптомдарды байқалса дереу дәрігерге хабарласыңыз! Бекем болыңыздар! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін!", - деп жазды ол.

Елжан Біртанов © Тұрар Қазанғапов

Кеше 15 маусымда министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отырғанын хабарлады. Оған қойылған диагноз - пневмония.

"Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр. Елжан Амантайұлының тезірек қатарымызға қосылғанын күтеміз", - деп хабарлады Диас Ахметшәріп.

Вице-министр Ақтаева Біртановтың міндетін атқарады

Премьер-министр оқшауланды

Біртанов, Аймағамбетов және Сапарбаевпен бір Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болған премьер-министр Асқар Мамин да оқшауланды. Яғни, қашықтан бейнебайланыс арқылы жұмыс істеп жатыр. Мамин да коронавирусты анықтауға арналған тест тапсырған, нәтижесі теріс болып шыққан.

Нұрлан Ермекбаев

Коронавирусқа байланысты оқшауланған министрлердің бірі – Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. Ол Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты 11 маусымнан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен. Министр мерекелік шараға ресейлік армия генералы Сергей Шойгудың шақыруымен барады. Министр жұмыс орнында. Алайда ол қарамағындағылармен тікелей байланыспайды. Яғни, қорғаныс министрлігі мен қарулы күштер қызметімен телефон және бейнеконференция арқылы байланысады.

Нұрлан Ермекбаев

Сапархан Омаров

Ал 15 маусымда ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров коронавирусты анықтауға тест тапсырғаны белгілі болды. Нәтижесі теріс болып шықты. Омаров та хаттамаға сәйкес белгілі бір уақыттан кейін қайтадан тест тапсырады. Ал әзірге қауіпсіздік шарасын сақтап, оқшауланған. Министр 12 маусымдағы Жамбыл облысындағы жұмыс сапары кезінде Елжан Біртановпен байланыста болған.

Сапархан Омаров

Денсаулық сақтау министрімен байланыста болған тағы бір басшы - экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. Ол Біртановпен бір ұшақта келген. Министр бүгінде үйінен жұмыс істеп, оқшаулану режиміне көшкен. Мырзағалиев COVID-19-ды анықтауға тест те тапсырған. Нәтижесі - теріс. Алайда осы аптаның соңында тағы бір тест тапсырады екен. 

Мағзұм Мырзағалиев ©SKazyna

Қазақстанда коронавирус жұқтырған шенеуніктер туралы не белгілі?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer