ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
12 мая 2020 | 15:37

Коронавирусты анықтайтын қазақстандық тест дайын - бас санитар дәрігер

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

ҚР бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусты анықтайтын қазақстандық тест дайын екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусты анықтайтын қазақстандық тест дайын екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есмағамбетованың айтуынша, қазір мұндай тестіні көптеп шығару жоспарланбаған. Себебі алдымен оны тексеріп алу керек.

"Бүгінде қазақстандық тестілер әзірленді. Олар қолдануға дайын. Қазір оның сенімділігін растау керек, тексеріліп жатыр. Біз оның сезгіштігін және адамдарға әсерін білмей тұрып, оны көптеп шығарамыз деген ойымыз жоқ. Мұндай міндет қойып отырған жоқпыз. Яғни, біз үшін қазір тестілердің сапасы маңызды. Қазір соның сапасы тексеріліп жатыр", - деді бас санитар дәрігер ДСМ медиаорталығында өткен онлайн-брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін COVID-19 инфекциясын анықтайтын отандық тест дайындалып жатқаны белгілі болған. Оны Ұлттық биотехнология орталығы әзірледі. Қазақстанда коронавирусты анықтау үшін ПТР тестілеу, экспресс-тестілеу (антидене анықтайды) және оңтүстіккореялық мобиль тестілеу қолданылып жатыр. Ал, отандық тестінің бағасы өзгелеріне қарағанда арзан болады.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 5 279 адам анықталды. Науқастардың ішінде 2108 адам жазылды, 32 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети