ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
03 марта 2020 | 12:08

Кульчиков қамауда, Ардавичус іздеуде. Спортқа бөлінген қаражат қалай жымқырылған?

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова лауазымды басшылардың спортқа бөлінген қомақты қаражатты жымқырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова лауазымды басшылардың спортқа бөлінген қомақты қаражатты жымқырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, агенттік "Самұрық-Қазына" қорының спортты дамыту және Қазақстанның беделін көтеруге бөлінген ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізіп жатыр.

"Тергеу барысында "Астана" кәсіби спорт клубының директоры Аманбек Кульчиковтің бұл клубтың құрамына кіретін жеке мекемелер Astana Pro Team велокомандасының жетекшісі Ләззат Шәмшиевамен және Astana Motorsports жетекшісі Артур Ардавичуспен қылмыстық келісім әзірленді және іске асырылған қылмыстық схема анықталды", - деді ол баспасөз мәслихатында.

Сымбат Исрапулованың айтуынша, 2016-2018 жылдары Аманбек Кульчиков аталған клубтардың нақты қажеттіліктерін біле тұра, қасақана шығындар көлемін бірнеше есеге артық көрсеткен. Сондай-ақ, оның бұл қаражаттың мақсатты түрде жұмсалғаны туралы Шәмшиева және Ардавичустан жалған есептерді қабылдағаны айтылады.

"Шетелдік компаниялармен жалған келісімдер жасау және оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру, үй-жайларды жалға алу, тауарлық-материалдық құндылықтар сатып алу бойынша жалған актілерге қол қою арқылы артық бөлінген ақшаны жымқырған. Мысалы, демеушілер жыл сайын кәсіби жарысқа қатысудың барлық әлемдік стандартына сай келетін 200-ден астам бренд велосипедтерін тегін ұсынған", - деді бас сарапшы.

Соған қарамастан клуб басшылығы 2018 жылы Алматы қаласында автошина сатумен айналысатын қазақстандық компаниямен 6 бренд велосипедін және оған қосалқы бөлшектер сатып алуға 219 мың еуро (94 миллион 48 мың 176 теңге) сомасына жалған келісімшарт жасалған.

"Бұл қымбат велосипедтер шын мәнінде жеткізілмеген. Ал ақша жымқырылған және мұндай деректер аз емес. Бұл қаражат олардың отбасы мүшелері және спортқа еш қатысы жоқ басқа да тұлғалардың ішкі және шетелге әуеұшуларын төлеуге жұмсалған. Шығындар 100 миллион теңгеден артық. Бүгінгі таңда анықталған залал сомасы 2 миллиард теңгеден асады", - деді Сымбат Исрапулова.

Бүгінде Кульчиков және Шәмшиева Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынған. Сот оларға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялаған.

"Интерпол желісі бойынша Ардавичусқа халықаралық іздеу жарияланды. Оған қатысты да "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды. Іс бойынша күдіктілердің Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы қымбат мүліктері, автотранспорттық құралдар, элиталық пәтерлер, жер учаскелері тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр", - деп түйіндеді сөзін бас сарапшы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer