ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
07 июля 2020 | 15:35

"Күніне 5 адам қайтыс болған жоқ". Жаңаарқадағы өлім фактілері туралы аймақ басшысы түсініктеме берді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында маусым айында түрлі себеппен 24 адам қайтыс болды. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында маусым айында түрлі себеппен 24 адам қайтыс болды. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желіде Жаңаарқа ауданында күніне 5 адамға дейін қайтыс болып жатыр" деген жазба тарады. Осыған қатысты облыс басшысы Жеңіс Қасымбек түсініктеме берді.

"Мен бұл жазбаны өзім оқыдым. Әрине, бірден мәселенің мәнін ашуға кірістік. Жаңаарқада 34 мыңға жуық адам тұрады. Маусым айында бұл ауданда 24 адам қайтыс болды. Яғни, күніне 5 адам қайтыс болуы мүмкін емес. 24 адам 30 күнде көз жұмды. Арифметикалық тұрғыдан есептеп көруге болады. Осы уақыт аралығында Жаңаарқа ауданында 48 бала дүниеге келді. Сондықтан қандай да бір күні өлім көп болуы мүмкін, бірақ 5 адам емес, 2-3 адам қайтыс болды. Бұл - ресми ақпарат. Жалпы, маусым айында Жаңаарқа ауданында түрлі аурудан және түрлі себеппен 24 адам қайтыс болды", - деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қарағанды облысында 5 336 адамнан коронавирус анықталды. 1 634 науқас аурудан айықты, 38 адам көз жұмды.

Ал елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 49 683-ке жетті. 16 183 науқас аурудан айықты, 264 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети