ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
03 августа 2020 | 12:06

Күзгі маусымнан жақсы өтеміз деген үмітім бар - Цой коронавирус туралы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© EFE © EFE

Қазақстан коронавирустың күзгі маусымынан жақсы өтуге үмітті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан коронавирустың күзгі маусымынан жақсы өтуге үмітті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист онлайн-брифингте министрден "бөлінген ақша мен дайындалуға уақыт болғанына қарамастан, 1 тамызға дейінгі коронавирус жағдайын ескеріп, ДСМ және жалпы Үкімет коронавирус инфекциясымен күресті іске асыра алмады дегенмен келісесіз бе?" деп сұрады.

"Бұл жерде сұрақ дұрыс қойылмай отыр. Яғни қабылданған шаралар нақты жағдайға байланысты қабылданды. Үкімет алғаш рет мұндай коронавирус инфекциясымен бетпе-бет келді. Сіз жағдайды қолға алғанымызды, ауырғандардың, қайтыс болғандардың санын азайтқанымызды көріп отырсыз. Дәрілер бар. Дүрбелең жоқ. (...)

Қазір жағдайды толық бақылап отырмыз. Біз білеміз, күзде жаппай жұғуы болуы мүмкін екеніне дайындалып жатырмыз. Қазір дайындалған төсек-орындар резервте тұр. Жасанды тыныс алдыру аппараты алынып жатыр. Мобильді медициналық қозғалатын кешендер, оттегі шоғырлағыштар, тесттер, жеке қорғаныш құралдары - бәрін бақылап отырмыз. Көлемі толықтырылып жатыр. Күзгі маусымнан жақсы өтеміз деген үмітім бар", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қазір коронавирус жағдайы тұрақталып келе жатқанын айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 489.01   531.78   4.99 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети