ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
16 июля 2020 | 18:16

Қысқа дайындалып жатырмыз - Надыров коронавируспен күрес туралы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров күз және қыста науқастардың саны өсуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров күз және қыста науқастардың саны өсуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір біз күз, қыс маусымдарына дайындалып жатырмыз. Бірқатар сарапшының пікірінше, күз, қыс маусымдарында (коронавирус жұқтырған - автор) науқастардың саны өсуі мүмкін. Сондықтан біздің бүгінгі мақсатымыз - тиісті қорды қалыптастыру. Оның ішінде кадр мәселесі де бар", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Алматы қаласының бас санитар дәрігері шаһарда коронавирус инфекциясының өршуінің 3 себебін атап, маска тақпаған 267 адамға айыппұл салынғанын айтқан еді.

Айта кетейік, Алматыда 8 259 адам COVID-19 жұқтырды. 4 945 науқас дертінен айықты, 54 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65188-ге жетті. 39 066 науқас жазылды, 396 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети